AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бе...

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекіту керек  - сенатор

Әлеумет 28.10.2021, 05:49 1,269
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекіту керек  - сенатор
turkistanzaman.kz

Сенатор Бауыржан Қаниев Үкіметтің негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қабылдаған шараларын сынға алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Осы орайда Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында жағдайды жақсартуға ықпал ететін бірқатар қадамды ұсынды.


Депутат Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың басынан бастап сәбіз 45%-ға, картоп 38,5%-ға, күнбағыс майы 16,7%-ға, пияз 10,9%-ға және қант 9,2%-ға қымбаттағаны туралы деректерімен бөлісті. Сенатордың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің құрамындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі шамамен 30 пайыз, ал азық-түліктің 70%-ы елге импортталады, бұл бағаның өсуіне ықпал етпей қоймайды.



«Үкімет бағаны екі тәсілмен тұрақтандыруға тырысып жатыр, бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ. Біріншісі – 6 пайызбен кәсіпкерлерге несие беру арқылы. Бірақ оған көп кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының қолы жетпей отыр. Екіншісі – азық-түлікті төмендетілген бағамен сататын әлеуметтік дүкендер арқылы. Бұл дүкендердің саны аз, ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да бұл тәсілдер нарықтағы бағаға көп әсерін тигізе алмай отыр. Сондықтан Үкімет ең алдымен әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты шекті бағаны бекітіп, өкілетті орган бағаның өзгеруін қатаң түрде бақылауы тиіс», - деді депутат Бауыржан Қаниев.



Сондай-ақ, Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында көтерме сауда орталықтары желісін дамыту және баға белгілеуді жетілдіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен кездесу өткізгенін атап өтті.


Кездесу қорытындысы бойынша арнайы әзірленген ұсыныстар Үкіметтің атына жолданды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тауарлар #сенатор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін 00:04

Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Кеше 19:02

Жарыққа ұмтылған ұрпақ: білімге бастар бір қадам

Кеше 18:37

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Кеше 18:09

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);