Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік маңызы бар тауарлар 9,9%-ға қымбаттаған

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар 9,9%-ға қымбаттаған

Әлеумет 26.03.2022, 11:20 1,354
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар 9,9%-ға қымбаттаған
Cурет: Газета.ру

ҚР Премьер-Министрі ӘМАТ қорларын бөлу жөніндегі үйлестіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды


2022 жылғы 26 наурызда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті, Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Өткен аптада (2022 жылғы 19-25 наурыз) Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының 1,7%-ға өсуі тіркелді. Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі 9,9%-ды құрады. 


Бір апта ішінде ең көп қымбаттаған өнімдер: қырыққабат – 11%, пияз – 9,3%, қант – 6,3%, картоп – 4,7%, сәбіз – 3,3%, тауық жұмыртқасы – 1,7%. 


Бір аптада ӘМАТ бағасының ең жоғары орташа өсімі Алматы қаласында және Қарағанды облысында – 3,5%-ға, Түркістан облысында – 2,5%-ға, Жамбыл облысында – 2,2%-ға тіркелді. 


Мониторингтік топтардың есептеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің ӘМАТ-қа рұқсат етілген 15% бөлшек сауда үстемесін сақтауына тексеріс жүргізілді.


Тексеру нәтижесінде бір апта ішінде елімізде 749 сауда тәртібін бұзушылық — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінен асыру жағдайлары анықталды. 


ӘМАТ-қа сауда үстемелерін асыру қант бойынша 40%-ға дейін, күнбағыс майы бойынша 35%-ға дейін және көкөністер бойынша 25%-ға дейін анықталды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шектерде ұстап тұру және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткен аптада елімізде мониторингтік топтардың жұмысы республикалық маңызы бар қалалар мен өңірлер деңгейінен аудандар деңгейіне дейін кеңейтілді. 


Премьер-Министрдің Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністерді жеткізуге алдын ала шарттар жасау туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның 9 өңірі келісімшарт жасап, ерте пісетін қырыққабатты жеткізуге қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 1,1 млн тоннаны құрайтын ӘМАТ жеткілікті қоры қалыптастырылды.




Атап айтқанда, картоп қоры 380 мың тоннаны құрайды, ерте егін болжамы 170 мың тоннадан асады; 32 мың тонна қырыққабат сақталуда. Бүгінгі таңда қант қоры 34,5 мың тоннаны құрайды (елдің орташа жылдық қажеттілігі – шамамен 44 мың тонна), оған қоса кейін өңделетін 30 мың тонна қант шикізаты бар. 


Монополияға қарсы әрекет ету шараларын қолдану аясында тауық етін көтерме саудада жеткізуші (Қостанай облысы), тауық жұмыртқасын өндірушілер (Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары), көтерме саудада жеткізуші (Ақтөбе облысы), аммиак селитрасын (Маңғыстау облысы) және аммофос өндірушілер (Алматы) бойынша 8 тергеу жүргізілуде. 


Бір апта ішінде Алматы облысындағы «ФудмастерТрейд компаниясы» ЖШС-ға бір ескерту жасалды, сондай-ақ Павлодар облысындағы «Grano-PV» ЖШС және «Царская каша» ЖШС қарақұмық жармасын өндірушілерге, Алматыдағы «СахарПром Казахстана» ЖШС қантты көтерме жеткізушіге 3 хабарлама жіберілді.


Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне ӘМАТ қорларын бөлуді үйлестіру жұмысын күшейту қажет екенін атап өтті. 


Кеңес барысында ӘМАТ бағасын бақылауға қатысты жағдаймен қатар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаевтың Мемлекет басшысының арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау туралы баяндамасы тыңдалды.


Кеңес соңында Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңір басшыларымен бірлесіп, АЭА қызметінің тиімділігін қосымша талдап, басым бағыттарын анықтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға #азық #қымбатшылық #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика