AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Әлемнің жетекші онкологтары ҚР-дағы онкологиялық к...

Әлемнің жетекші онкологтары ҚР-дағы онкологиялық көмек көрсету деңгейін жоғары бағалады

Медицина Бүгін 16:08 27
Әлемнің жетекші онкологтары ҚР-дағы онкологиялық көмек көрсету деңгейін жоғары бағалады
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Шеберлік сабағында жетекші халықаралық сарапшылар баяндама жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әртүрлі елдерден келген үздік мамандар күрделі оталарды жасау тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін талқылау үшін Алматы қаласына жиналды. «KazSMO Educational Intensive» халықаралық білім беру курсы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 500-ден астам дәрігердің басын қосты.

17–19 қараша аралығында Алматы онкология саласындағы мамандардың кәсіби тәжірибе алмасуына арналған халықаралық алаңға айналды. Қатысушылар қатарында Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Италия, Түркия, Испания, Бельгия және Үндістаннан келген мамандар болды.

Шеберлік сабағында жетекші халықаралық сарапшылар баяндама жасады. Дәрігерлер клиникалық тәжірибеде кездескен күрделі жағдайларды талқылап, практикалық семинарлар мен шеберлік сабақтарына қатысты.

Курстың алғашқы күніндегі маңызды оқиғалардың бірі – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжРҒЗИ) ота жасау бөлмесінен жүргізілген тікелей эфир болды. Ёнсе университетінің (Оңтүстік Корея) профессоры Woo Jin Hyung асқазан обырын хирургиялық жолмен емдеудің түрлі тәсілдерін таныстырып, кейін осы диагноз қойылған науқасқа лапароскопиялық ота жасады. Тікелей көрсетілімнің арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам онколог дәрігер ота барысын тікелей эфир арқылы бақылай алды.

Қатысушылар «Anadolu» медициналық орталығынан (Түркия) келген дәрігер Sinan Karaaslanмен асқазан обырын медициналық емдеу мәселелерін талқылады.

Қазақстандық онкологтар аса күрделі хирургиялық операцияларды көп жылдан бері жасап келеді. Елімізде жыл сайын қатерлі ісікке байланысты 57 000-нан астам ота жасалады. Бұған мүшені сақтап қалатын, қалпына келтіруші және аз инвазивті емшаралар жатады. Жыл сайын 55 000-нан астам пациент дәрі-дәрмекпен ем қабылдайды.

«Мұндай кездесулер халықаралық әріптестермен тұрақты түрде тәжірибе алмасуға, күрделі клиникалық жағдайларды бірлесіп талдауға, сондай-ақ онкология саласындағы өзекті мәселелерді, оның ішінде заманауи диагностика және емдеу әдістерін талқылауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжРҒЗИ) Басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов..

Нагасаки университетінің профессоры Масахиро Накашима қалқанша безі обыры мысалы арқылы диагностикалық нәтижелерді патолог пен емдеуші дәрігердің бірлесіп бағалауы қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді. Ол әсіресе Қазақстанның әртүрлі сала мамандарының бұл процеске қатысқанын ерекше атап өтті.

«Мұнда патологтар, онкологтар, ядролық медицина мамандары және жалпы тәжірибелі дәрігерлер диагностика мен емдеуге қатысты мәселелерді талқылау үшін бірлесіп жұмыс істейді. Бұл тәсіл бізге өте жақын әрі ұнайды. Жапонияда біз күрделі жағдайларды талдайтын ай сайынғы клиникалық-патологиялық конференциялар өткіземіз; бұл тәжірибе емдеудің дұрыс стратегиясын анықтау үшін аса маңызды», — деді Нагасаки университетінің (Жапония) профессоры Масахиро Накашима.

Валенсиядан (Испания) келген медициналық онколог Хавьер Гарди Қазақстанның ерте диагностиканы дамыту және онкологиялық көмекке қолжетімділікті жақсарту бағытындағы жұмысын атап өтті.

«Қазақстанда онкология қазіргі таңда қарқынды дамып келеді. Халықаралық стандарттардың қолданылуын және озық ғылыми жетістіктердің күнделікті клиникалық тәжірибеге енгізілуін атап өткен жөн. Қазақстан онкологиялық қызметтерін одан әрі дамыту үшін зор әлеуетке ие», — дейді Испанияның Валенсия қаласынан келген медициналық онколог Хавьер Гарди.

Курс барысында Ыстамбұлдағы (Түркия) «Memorial Göztepe» клиникасының профессоры Хасан Февзи Батирел қазақстандық дәрігерлердің кәсібилігіне жоғары баға беріп, курс қатысушыларының белсенділігін атап өтті.

"Торакалды хирургия бойынша шеберлік сабағы аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының операциялық залында өкпе обырына қарсы бірлескен ота жасалды. Қазақстандық дәрігерлердің кәсіби шеберлігін, жаңа білім алуға деген зор қызығушылығын, сондай-ақ озық тәжірибелерді өздерінің клиникалық жұмысында қолдануға дайын екендіктерін ерекше атап өткім келеді. Мұндай білім беру іс-шараларының маңызы зор, өйткені олар әртүрлі елдерден келген мамандарға тәжірибе алмасуға, күрделі клиникалық жағдайларды талқылауға және пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсартуға бағытталған жаңа шешімдерді табуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ол.

Доктор Хасан Февзи Батирел сондай-ақ Қазақстандағы онкология саласының зор әлеуетін атап өтіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық екі ел мамандарының байланысын нығайтуға және медицина ғылымының дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын тексерді

Бүгін 16:15

Президент халықаралық ұйымдар және жетекші шетелдік университеттер басшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты

Бүгін 16:01

Алматыда тас құлау қаупіне байланысты 23 қарашадан бастап жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 15:54

"Жыламай көру мүмкін емес". Өртсөндірушілердің тағдырын суреттейтін «Соңыра» фильмі жарыққа шықты

Бүгін 15:26

ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтеді

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);