AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Әлемнің 12 елінде тұратын қазақтар ана тілін онла...

Әлемнің 12 елінде тұратын қазақтар ана тілін онлайн оқуда

Білім және ғылым 22.12.2021, 09:45 1,727
Әлемнің 12 елінде тұратын қазақтар  ана тілін онлайн оқуда
Сурет: Inform.kz

«Отандастар қоры» әлемнің 12 елінде қазақ тілін оқыту бойынша 31 онлайн сынып ашты


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, тамыз және желтоқсан айларында сабақтар speaking club (сөйлесу клубы) форматында өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Бұл Түркия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Франция, Иран, Қырғызстан, Украина, Моңғолия және Беларусьтегі қазақ диаспораларының 1 391 өкіліне 780 онлайн сабақ өткізуге мүмкіндік берді. 336 қатысушыға сертификат берілді. Сонымен бірге қазақ тілін өз бетінше үйрену мүмкіндіктерін жасау мақсатында 30 онлайн-сабақ YouTube-те шығарылды», делінген хабарламада.


Ведомствоның хабарлауынша, биыл қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілетуге бағытталған басқа да маңызды шаралар іске асырылып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, биыл Қырғыз Республикасының астанасында «Abai üiı» мәдени-іскерлік үйі ашылды. Осылайша, мәдени-іскерлік үйлер жұмыс істейтін елдер саны алтау болды: Түркия, Германия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан.


Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырған Қазақтардың кіші құрылтайы ерекше маңызды болды. Кіші құрылтай биыл қыркүйек айында Ыстанбұлда өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қазақстан-Неміс достығы қауымдастығымен және Жапониядағы қазақтар қауымдастығымен ынтымақтастықты дамыту бойынша 2 меморандумға қол қойылды.


Қазақ мәдени орталықтарымен, қазақ қауымдастықтарымен, шет елдердегі ҚР мекемелерімен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту және кеңейту мақсатында 2021 жылы әлемнің 20 елінен 4 500-ден астам отандастың қатысуымен 15 іс-шара, 20 кездесу, 4 конференция, 4 онлайн-офлайн жоба өткізілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі #үйрену #онлайн сынып
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);