AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Әлемдік діндер діни сенушілерге екпе жасауға тыйым...

Әлемдік діндер діни сенушілерге екпе жасауға тыйым салмайды

Жақыныңа жанашыр бол! 18.08.2021, 09:13 1,980
Әлемдік діндер діни сенушілерге екпе жасауға тыйым салмайды
taunews.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтану докторанты Елнар Берікбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ислам ұстанымы тұрғысынан коронавирусқа қарсы вакциналану туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Елнар Берікбаев атап өткендей, қарсылық көрсетушілер кейде өз қозғалыстарында діни сенімдерді қолданады. Ол немен байланысты екенін түсіндірді.



«Әдетте, антиваксерлердің дәлелдерінің көпшілігі ғылыми деректермен расталмайды. Ал Қазақстан азаматтарының көпшілігі өздерін діндар санайтындықтан, діни пікірталастар халық арасында үндеседі», - деп түсіндірді сарапшы.



Е. Берікбаев вакциналануға қарсы қозғалыс Эдвард Дженнер 1796 жылы шешекке қарсы алғашқы вакцинаны жасағаннан кейін көп ұзамай пайда болғанын хабарлады. Ол кезде вакцинацияға қарсы шыққандардың негізгі аргументтері діни болды.



«Олар мұны құдайдың тағдырына араласумен байланыстырды. Айта кетсек, діни вакцинациядан бас тарту – вакцинаға қарсы көптеген себептердің бірі ғана. Олардың арасында фармацевтердің белгілі қастандық теориясы мен басқа да қастандық теориялары бар», - деп атап өтті Берікбаев.



Дінтанушы вакцинациядан бас тартуды халықтың жекелеген сегменттерінің денсаулық сақтау жүйесіне сенімсіздікпен байланыстырады.



«Жақында Маңғыстау облысында болған оқиғаны еске түсіруге болады. Сегіз жасар бала велосипедтен құлап, қолын сындырады. Бірақ оның ата-анасы "жедел жәрдемге" емес, емшіге жүгінеді. Ол қолын тексеріп, таңып болған соң, баланы үйіне жіберді. Нәтижесінде қолды кесуге тура келді», - дейді теолог.



Ғалым біздің отандастарымыз әлі де халықтық әдістермен емделуде және халық емшілеріне жүгінуді жалғастыруларына өкінішпен қарайды.


Сөзінің соңында Е. Берікбаев исламда ауру кезінде мамандарға жүгіну әдетке айналғанын айтты. Хадистердің бірінде: «Әр ғылымның өз құндылығы бар, оларға жүгіну керек» делінген.



«Дәрігерлер бірінші кезекте вакциналану  туралы айтуы керек. Сөздері адамдардың шешімдеріне әсер ететін діни қызметкерлер, өз пікірін айтпас бұрын, мәселені медициналық тұрғыдан түсінуі, дәрігерден кеңес алуы тиіс. Содан кейін ғана олар өтінішпен шыға алады», - деп атап өтті дінтанушы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #екпе #телолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Кеше 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика