ffin.kz

Әлемдегі коронавирус жаңалықтары

Әлемдегі коронавирус жаңалықтары Сурет: Inbusiness.kz

Ұлыбританияда коронавирустың таралу статистикасы төмендемей тұр.


Соңғы тәулікте 98 515 вирус жұқтыру дерегі тіркелді, 143 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.


Пандемия басталғаннан бері елде COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 12 миллионнан асты, 148 003 адам көз жұмды. Сонымен бірге Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид Үкіметтің осы жылдың соңына дейін жаңа шектеулер енгізбейтінін растады. Бүгінгі таңда 12 жастан асқан Ұлыбритания тұрғындарының 89%-дан астамы вакцинаның алғашқы дозасын алды, ал шамамен 82%-ы вакциналаудың толық курсынан өтті.


Жаңа жылдың басынан бастап Франция SARS-COV-2 вирусының «омикрон» штамына байланысты карантиндік шараларды күшейтуде. 3 қаңтардан бастап бұқаралық іс-шараларға қатысу шектеледі. Жұмыс берушілерге қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылады, қала орталықтарында қорғаныс маскаларын кию міндетті болады. Бірақ Премьер-министр Жан Кастекс мәлімдегендей, Үкімет коменданттық сағатты енгізуге ниетті емес. Шектеулер туралы ұйғарым үш апта бойы қолданыста болады. Ал, егер Парламент тиісті заң жобасын мақұлдаса, Францияда 15 қаңтардан бастап вакциналау төлқұжаттары әрекет ете бастайды.


Үндістан қаңтар айында 15 жастан асқан жасөспірімдерге COVID вакцинациясын бастайды. Бұл туралы Премьер Нарендра Моди айтты. Сондай-ақ, ол жақында Үндістанда мұрынға арналған коронавирус вакцинасы және әлемдегі алғашқы ДНҚ вакцинасы қолданысқа енгізілетінін айтты. Үндістанда ересек тұрғындардың 61%-ы толық егілді.


Израиль «омикрон» штамына байланысты сауда орталығының жұмысына қосымша шектеулер енгізді. Келушілер саны бойынша лимиттер қайта енгізілді, ауданы 100 шаршы метрден асатын дүкендерге кіру "жасыл" рұқсатнаманы ұсынғаннан кейін ғана мүмкін болады. Жаңа нұсқамалардың орындалуын бақылау 28 желтоқсанда басталады.


Сингапурда 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды. Жалпы алғанда, қала-мемлекет аумағында күніне мың балаға дейін қызмет көрсететін 15 мамандандырылған орталық ашылды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі вакциналанбаған балаларға шектеулер енгізу жоспарлары жоқ екенін түсіндірді.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55