конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемдегі әйелдер қоршауда қалғандай - БҰҰ өкілі

Әлемдегі әйелдер қоршауда қалғандай - БҰҰ өкілі

Әлем 08.03.2023, 17:24 1,132 Аlmaty-akshamy.kz
Әлемдегі әйелдер қоршауда қалғандай - БҰҰ өкілі
Сурет: inform.kz

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әйелдерге, бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты маңызды резолюцияны қабылдағанына 20 жылдан астам уақыт өтсе де, әлемдегі әйелдер «қоршауда» қалды. Бұл туралы сейсенбі күні БҰҰ Әйелдер ұйымының атқарушы директоры Сима Бахус айтты, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.


Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі ашық пікірталастары кезінде ол Ауғанстандағы және басқа да қақтығыстардан зардап шеккен елдердегі әйелдерге қауіп төндіретін мысалдарды келтірді.


Қазіргі талқылаулардың тақырыбы – «1325-қарардың қабылданғанына 25 жыл». 2000 жылдың қазан айында бекітілген бұл құжатта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әйелдердің бейбітшілік үдерістеріне, жанжалдарды шешуге және бейбітшілікті нығайтуға толық, тең және мағыналы қатысу құқығын мойындады.


Қазіргі уақытта Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Мозамбик әзірлеген пікірталасқа арналған тұжырымдамалық құжатта «бүгінгі күнге дейін әйелдер әлемдегі қарулы қақтығыстардан ең көп зардап шеккен әлеуметтік топ болып қала береді» делінген. Құжатта әйелдердің құқықтары әлі де қатаң бұзылуда, олар маргиналды және бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша шешім қабылдаудан шеттетілген күйде қалады.



«Бізге бағытты түбегейлі өзгерту керек екені анық», – деді Сима Бахус.



Ол әйелдерді БҰҰ ықпал ете алатын барлық жиналыстар мен шешімдер қабылдау процестеріне қатысуға шақырды.



«Біз ресурстарды қажет ететін, бірақ оларда жоқ адамдарды қамтамасыз ету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтуіміз керек», – деп қосты Сима Бахус.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әйел #БҰҰ #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Кеше 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Кеше 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

04.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);