Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Әлемде балалардың 10 пайызы демікпе ауруына шалдық...

Әлемде балалардың 10 пайызы демікпе ауруына шалдыққан

Медицина 30.05.2022, 07:00 2,024
Әлемде балалардың 10 пайызы демікпе ауруына шалдыққан
Сурет: Kk.atomiyme.com

Аллергия мен демікпе –дүние жүзінде ең кең таралған аурулар.


Бронх демікпесі тыныс алу жолдарының ауруларына әкеледі. Алайда демікпенің себебі аллергия да болуы мүмкін. Бұл туралы аллерголог, иммунолог Арай Батырбаева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


30 мамырда дүние жүзінде Аллергия және демікпемен күресу күні аталып өтеді. Негізгі мақсаты – дәрігерлердің, науқастардың және халықтың осы аурулар туралы ақпараттандырылуын арттыру, аллергия мен демікпеге байланысты мәселелерді шешуге қоғамның назарын аудару және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру.


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығы басшысының міндетін атқарушы аллерголог, иммунолог Арай Батырбаеваның айтуынша, дүние жүзінде ересек тұрғындардың 5%-дан астамы және балалардың 10%-ы демікпе ауруына шалдыққан. Бронх демікпесі – түрлі ішкі және сыртқы қоршаған орта факторларынан бронхылардың тарылуына ықпал ететін тыныс алу жолдарының ауыр созылмалы қабыну ауруы.



"Уақытылы алдын алса және дұрыс жоспарланған жағдайда, демікпені болдырмауға болады. Демікпенің алдын алудың негізгі бағыты – аллергия мен тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын болдырмау. Темекі түтіні немесе тітіркендіргіш химиялық заттармен байланыста болатын балалар аллергияға жиі шалдығады және бронх демікпесімен ауырады. Ең кең таралған аллергендер: үйдегі шаң, тарақандар, кішкентай кенелер, үй жануарларының жүні, зең, тамақтың кей түрлері, өсімдік тозаңы", – дейді дәрігер.



Арай Батырбаеваның айтуынша, бронх демікпесінің алдын алу бойынша дұрыс жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан шаралар – аурудың алдын алу және емдеудің тиімді тәсілі.



«Заманауи медицина тәжірибесі демікпенің алдын алу іс-шарасын дұрыс орындау көбіне ауруды емдеуге немесе пациенттің демікпеге қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалануын азайтуға жеткілікті екенін көрсетті. Диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерінің арқасында ауруды бақылауға болады», - деді ол.



Спикердің сөзінше, дұрыс емдеу жүргізілсе, демікпемен ауыратындардың көбі оны бақылап отыруға, симптомдарынан арылуға, ұстамалардың сирек болуына немесе тіпті мүлдем болмауына, арнайы дәрі-дәрмектерді сирек пайдалануға қол жеткізе алады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Демікпе #ауру #аллерголог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика