Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық

Әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық

Тәуелсіздік-30 11.11.2021, 06:31 1,349
Әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық
7-su.kz

16 желтоқсан – еліміздің егемендігі жарияланған күн. Сол күні көгімізде Тәуелсіздік туы желбіреді. Содан бері 30 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде еліміздің экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық.


Артқа тастаған отыз жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылып, жүзеге асырылуда. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны көбейіп, білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлерге шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. 



Тәуелсіздік ұғымы әр халық үшін қастерлі. Тәуелсіздікпен бірге Қазақстан мемлекетінің жаңа дәуірі басталды. Еркіндік еліміздің ұлттық құндылықтарына бет бұруға және оны қайта жаңғыртуға жол ашты. Ұлттық дүниетанымға деген еркін көзқарас пайда болды.


Тәуелсіздік тіліміз бен дінімізді қалыпқа келтірді. Ұлттық сана-сезім қалыптасты. Ата-бабаларымыздың аңсаған армандары орындалды. Оған қол жеткізу қаншалықты қиын болса, сол егемендікті сақтап қалу оңай еместігі белгілі. Тәуелсіздіктің әрбір қазаққа бергені мол.


Тәуелсіздікке жету жолы қаншалықты ауыр болса, Тәуелсіздікпен тыныстаудың баяндылығы да соншалықты жауапты екені анық. 



Егемен еліміздің қалыптасу жылдарында білім саласында да едәуір жаңалықтар болды. Жаңадан білім беру нысандары салынды. Мектептер мен балабақшалар көбейді. Әсіресе, қазақ мектептерінің саны артты. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің арқасы деп білемін. Өзім қызмет ететін Алатау ауданындағы  №179 жалпы білім беретін мектеп ұжымы білім саласының дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім алуына зор үлесін қосып келеді. Ұжымымызда тәжірибелі ұстаздар көп. Оқушыларымыз қалалық, республикалық сайыстардан, түрлі олимпиадалардан жүлделі орындар алып жүр. Осының бәрі қуаныш, жетістік.
Еліміздің Тәуелсіздікке оңайшылықпен қол жеткізбегені туралы мемлекетіміздің болашағы саналатын мектеп оқушыларына үнемі айтып отырған жөн. Осы орайда мектептерде болатын Тәуелсіздікке  байланысты тәрбиелік іс-шаралар тек желтоқсан айында ғана емес, басқа уақыттарда да өтіп тұруы қажет деп есептеймін. Меніңше, ержүректілігін паш еткен тұлғалардың бейнесін жасап, олардың ұлы істерін тәрбиелік бағыттарда қашанда дәрістерімізге қосып отырғанымыз абзал. 



Тәуелсіздігімізді күллі әлемге танытып отырған қазақ елінің келешегі айқын, болашағы жарқын. Тек осы құндылығымызды қастерлеп, сақтап,  келешек ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. 





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тәуелсіздік #Қазақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз – ішкі әлеміңнің айнасы

Бүгін 14:22

Алматы мен Шанхай: 2,7 млрд доллар көлеміндегі жобаларға жол ашқан серіктестік

Бүгін 14:11

Алматылық гимнасттар Каирдегі Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге қол жеткізді

Бүгін 12:43

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Бүгін 12:29

Алматыда 300 мыңнан астам адам ерікті болып жұмыс істеген

Бүгін 12:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика