AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлем халқы бес миллиардқа жуық екпе салдырды

Әлем халқы бес миллиардқа жуық екпе салдырды

Әлем 24.08.2021, 15:18 937
Әлем халқы бес миллиардқа жуық екпе салдырды
Сурет: Globalaffairs.ru

COVID-19 жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты.


Әлемде КВИ-ға қарсы вакциналардың 4 миллиард 970 миллионнан астам дозасы қолданылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.


Вакцина дозаларының ең көп саны Қытайда қолданылды -1 млрд 950 млн доза. Одан кейінгі орында: Үндістан - 580 миллион 770 мың, АҚШ - 362 миллион 660 мың, Бразилия - 176 миллион 620 мың доза. Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты, қауіпті вирустың салдарынан 4 миллион 445 мыңнан астам адам қайтыс болды.


 Мысыр


 Мысырда Sinovac Қытай вакцинасының 15 миллион дозасы шығарылды.


«Sinovac-Vaxera вакцинасының 15 млн. дозасының жергілікті өндірісі аяқталды, олар қазірдің өзінде вакцинация орталықтарына жіберілді», — деп хабарлады Араб Республикасының Денсаулық сақтау және халық министрі Хала Заид Каирде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, Египет жыл соңына қарай ішкі нарықтың, сондай-ақ Африканың қажеттілігі үшін шамамен 80 млн. доза көлеміне қол жеткізу мақсатында ай сайын осы вакцинаның 15-тен 18,5 млн. дозасына дейін өндіретін болады. 24 тамыздан бастап барлық азаматтар осы вакцинамен тегін егіледі. 


 Солтүстік Африка


Африканың солтүстігінде коронавирус жұқтыру қарқыны төмендемей отыр. Мароккода өткен тәулікте 2 996 адам SARS-CoV-2 жұқтырғаны анықталды, 97 науқас қайтыс болды. Жалпы алғанда, елде COVID-19 инфекциясының расталған жағдайларының саны 813 945-ке жетті. Мароккода пандемия басталғаннан бері коронавирустың асқынуынан 11 889 адам қайтыс болды. Елде вакцинация орташа қарқынмен өтуде - 33,8 млн тұрғынның 13,1 млн-нан астамы вакциналанды.


Аргентина


Аргентинаның 12 миллионға жуық тұрғыны коронавирустық вакцинацияның толық курсынан өтті. Ересек азаматтардың 80% - дан астамы вакцинаның бірінші компонентімен егілген, бұл - 27,2 миллион адам. Аргентинада пандемия кезінде 5 124 963 адам коронавирус жұқтырды, 110 070 адам қайтыс болды. Елдегі COVID-19 пациенттерінің саны 218 845 адам, бұл әлемдегі барлық науқастардың 2,42% құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #вакцина #екпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);