AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Әлем бойынша қанша елде АЭС салынған

Әлем бойынша қанша елде АЭС салынған

АЭС: Референдум 05.09.2024, 15:06 2,812
Әлем бойынша қанша елде АЭС салынған
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атом энергетикасын дамытып жатқан елдер туралы ақпарат берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлемде 31 мемлекет атом электр станциясын (АЭС) пайдаланып отыр. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша, әлемде жалпы қуаты шамамен 391 ГВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, сондай-ақ 55 ГВт қуаты бар тағы 52 реактор салынып жатыр.

Атом энергетикасын айтарлықтай қолданып отырған елдер қатарында АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Ресей және Оңтүстік Корея бар. Бұл елдердің әрқайсысында 25 ГВт-тан астам қуаттылық бар. Канада мен Украинада шамамен 13 ГВт, ал Ұлыбритания, Германия, Швеция, Испания, Үндістан және Бельгияда шамамен 5-10 ГВт энергия беріп тұрған АЭС орнатылған. Тағы 18 елде әрқайсысы 0,4 - 4 ГВт дәлізінде белгіленген қуаты бар бір немесе бірнеше реактор бар.

Сонымен қатар, Жаслан Қасенов атом энергетикасына бет бұрған елдердің картасы алты құрлықты бірдей қамтитынын атап өтті. Мысалы, Франция он жыл ойланып, ядролық энергетикаға сенім артатын болып, 14 жаңа реактор орнатуды жоспарлап отыр, олардың біріншісі 2035 жылға қарай іске қосылады. Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь сияқты елдер өз тарихында алғаш рет АЭС салып жатыр. Бұрын АЭС-тен бас тартқан Польша қазір атомдық энергетикалық бағдарламасын жаңартуға дайындалуда.

Африка мен Таяу Шығыс елдері де АЭС салуға қызығушылық танытып отыр. Еуропалық комиссия да Еуропалық Одақ мүшелеріне 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына көшу бағдарламасына атом энергетикасын қосу жоспарланған қаулы жобасын ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Атом энергетикасы #Жаслан Қасенов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика