Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлем бойынша мектеп асханаларындағы астың жартысын...

Әлем бойынша мектеп асханаларындағы астың жартысына жуығы қоқысқа тасталады

Әлем 19.11.2024, 15:49 967
Әлем бойынша мектеп асханаларындағы астың жартысына жуығы қоқысқа тасталады
Сурет: 180.alschool.kz

Антисанитария, ас мәзірінің дұрыс құрылмауы секілді проблемалар тамақтың ысырап болуына әкелуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұдан былай қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізілетін болды. Осы өзгеріске сай, 24.kz арнасы әлем елдерінің мектеп асханаларындағы ас мәзірі, тәртібі қандай екенін бақылап көріпті. 

Финляндия мектептеріндегі тамақтану үздіктердің бірі саналады. Жасына сай баланың энергетикалық қажеттілігінің үштен бірін қамтамасыз етеді. Ол бойынша қаныққан майлардың үлесі 10%-тен аспауы тиіс. Бұл Финляндияның Ұлттық денсаулық және әл-ауқат институты ғалымдарының ұсынымына сәйкес келеді. Ас мәзіріне міндетті түрде ет, көкөніс, қара бидайдан пісірілген нан, майсыз сүт не су кіреді. Мұндай түскі астың құны шамамен 1 еуро. Бірақ бұл ақшаға жұмысшылардың еңбегі және логистикаға кеткен шығындар кірмейді. Логистика демекші, елде шалғайдағы мектептерге азық-түлік жеткізу бойынша қиындықтар бар. Сосын білім беру мекемелерінің асханаларында тамақтың 15%-і қоқысқа тасталып, ысырап болып жатады.  

АҚШ мектептеріндегі ас мәзіріне қатысты сын көп

АҚШ мектептерінде де тамақ артылып, жылына бір жарым млн тоннадан астам азық-түлік қоқысқа тасталады. Сосын мамандар америкалық оқушылардың ас мәзіріне қатысты көп сын айтып жатады. Өйткені онда қайта өңделген азық-түлік, фаст-фуд көп те, көкөніс пен жеміс-жидек аз. Содан балалар арасында семіздік пен жүрек-қан тамырлары аурулары кеңінен тараған. 

Үндістандағы мектеп асханаларының тазалығы сын көтермейді 

Үндістанда мектептегі тамақтануды жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарлама қарастырылған. Бірақ соның өзінде сарапшылар жергілікті балалардың толыққанды тамақтанбайтынын айтады. Сосын білім беру мекемелерінің тазалығы сын көтермейді. Өйткені азық-түлік қауіпсіздігі талаптары дұрыс сақталмайды. Оның үстіне мамандар тапшылығы мәселесі тағы бар. 2013 жылы елдің шығысындағы Бихар штатында мектептегі тамақтан балалар уланып, 23 оқушы қайтыс болған



Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #тамақ #асхана #қоқыс #ысырап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз мейрамында қосымша электрпойыздар қатынайды

Бүгін 13:19

Алматылық құтқарушылар «Көрісу күні» мерекесін атап өтті

Бүгін 12:48

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдау шаралары жалғасып келеді

Бүгін 12:13

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Бүгін 11:44

Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика