Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алексей Цой: Мамырдан бастап ауру 2,1 есеге төменд...

Алексей Цой: Мамырдан бастап ауру 2,1 есеге төмендеді

Медицина 10.06.2021, 15:40 1,681
Алексей Цой: Мамырдан бастап ауру 2,1 есеге төмендеді
Сурет: Gov.kz

Қазір елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.


Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


10 маусымдағы мәлімет бойынша ҚР-да 397 976 науқас Covid-19 жұқтырғаны анықталды және 55 999 КВИ жағдайы тіркелген. Осы жылдың 6 маусымынан бастап еліміз жасыл аймаққа ауысты. Қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалды. Сары аймақта 6 өңір бар: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары. Жасыл аймақта 10 өңір тұр.


Жалпы, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді.



«Соңғы аптада КВИ анықталғандар 11 мыңнан 8 мыңға дейін немесе өткен аптамен салыстырғанда 1,3 есе азайды. Мамырдан бастап ауру 2,1 есеге төмендеді», - деді Алексей Цой.



10 маусымдағы жағдай бойынша республикамыздағы инфекциялық төсектердің 24%-ында, реанимациялық төсектердің 21%-ында науқас жатыр.


Өңірлерде инфекциялық төсектердің, оның ішінде Алматы қаласында - 4 есе, Ақтөбе облысында - 3 есе, Алматы облысында - 2,5 есе, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында - 2 есе азайғаны байқалады.


Соңғы айда емделіп жатқан науқастар саны 20 мыңға немесе 2 есеге азайды. Өңірлерде КВИ жұқтырғандар үшін қосымша ашылған ауруханалар кезең-кезеңімен қысқартыла бастады. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 330 төсектік 4 стационар, Алматыда 2 мыңға жуық төсектік 11 стационар жабылды.


Сонымен қатар, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.



«Бүгінгі таңда вакцинаның шамамен 3,6 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1 компонентпен 2 371 178 адам егілді, бұл тиісті халықтың 24%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 264 247 адам қамтылды. Егу пункттерінде вакцина дозаларының саны жеткілікті: бірінші компоненттің шамамен 1,2 млн дозасы және екінші компоненттің 835 мың дозасы бар. Вакцинаны жеткізу жалғасуда. Жергілікті атқарушы органдар тұрғындар арасында вакцинацияны және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруы қажет», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.



Жалпы, қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Қазақстан сары аймақтан жасыл аймаққа ауысты, болжам бойынша ауру оптимистік сценарийге сәйкес өтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Работа в Алматы #Вакансии в Алматы #Қазақстан #кви #Цой #вакцина #Минздрав
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі