ffin.kz

Алдағы күндерге арналған ауа райы мәліметі

Алдағы күндерге арналған ауа райы мәліметі

Алматыда қар, Астанада боран.


Синоптиктер 2024 жылдың 11-13 қаңтарында Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Астана


11 қаңтар – көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -20-22°.


12 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен түнде 5-10 м/с, күндіз 7-12, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -26-28°, күндіз -11-13°.


13 қаңтар – көшпелі бұлтты, күндіз – қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстіктен соққан жел 9-14, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13°, күндіз -5-7°.


Алматы


11 қаңтар – бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 2-7, күндіз екпіні 10 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°, күндіз +5+7°.


12 қаңтар – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең – жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ, тұман. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°, күндіз 0-2° жылы.


13 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°, күндіз +5+7°.


Шымкент


11 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашын, таңертең және күндіз – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +1+3°.


12 қаңтар – көшпелі бұлтты, түнде – жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бұрылатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°, күндіз +5+7°.


13 қаңтар – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бұрылатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3° жылы, күндіз 11-13° жылы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58