конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алатау ауданынының вакцина орталықтары лотерея өтк...

Алатау ауданынының вакцина орталықтары лотерея өткізуде

Медицина 08.06.2021, 15:41 2,111
Алатау ауданынының вакцина орталықтары лотерея өткізуде
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алатау ауданының егу пункттерінде 2 маусымнан бастап күн сайын вакцина алғандарға 30 маусымда өтетін лотерея ұтыстарына қатысу ұсынылды.


Алатау ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен және кәсіпкерлік қауымдастықтың қолдауымен «Ертеңгі күн – бетпердесіз!» деген атаумен акциялар өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұтыс ойындары Алатау ауданындағы барлық шағынаудандарда, оның ішінде 27 егу орталығында өтеді. Екпе салу үшін 5 мобильді бригада жұмыс істейді. Олар вакцина салу үшін кәсіпорындар мен ұйымдарды аралайды.


Алатау ауданының бас дәрігері Әлия Мазбаева акцияның коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған адамдар арасында өтіп жатқанын айтты. Кепілдендірілген жүлделердің ішінде пайдалы заттар, ыдыс-аяқ жинағы, шаш кептіргіш, әмиян мен сүлгілер бар.


Сонымен қатар, барлық вакцина алғандар 30 маусымда Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда өтетін жүлделердің басты ұтыс ойынына қатыса алады. Үйге арналған тұрмыстық техника, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, қысқа толқынды пеш пен басқа да сыйлықтар ойнатылады.





Ә. Мазбаеваның айтуынша, аудан тұрғындары вакцинаны жүлделі ұтыс алу үшін емес, індетті жұқтырмау мақсатында алуда.

«Адамдар саналы түрде келіп, вакцина алуда. Олар вакцинаның пандемияға қарсы тұрудың ең тиімді құралы екенін әрі иммундық жүйені дамытатынын, тіпті ауру жұқтырған жағдайда антиденелерді жедел қалыптастыратынын, вирусты жоятынын біледі», — деп түсіндірді Ә.Мазбаева.

Вакцина қабылдамас бұрын барлық науқастардың жағдайы бақыланады. Міндетті тексеруді дәрігер жүргізеді. Сондай-ақ вакцинадан кейін науқасты 30 минут бақылауда ұстайды. Ал, ұтыс лотереясын алу үшін сауалнаманы толтыру қажет, берілетін барлық купондар тіркеледі.

Ертең, 9 маусымда, ұтыс лотереясы соңғы рет ойналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Фармпромышленность #Лекарства Казахстана #Медицинские маски #Алматы #Алатау #вакцина #екпе #лотерея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);