AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алаш жұрты белгілі ғалыммен қоштасты

Алаш жұрты белгілі ғалыммен қоштасты

Өмір-өзен 30.04.2025, 15:18 679
Алаш жұрты белгілі ғалыммен қоштасты
Қайрат Қонысбаев

Бүгін Алматы жұртшылығы белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовты ақтық сапарға шығарып салды.

Сейіт Қасқабасов саналы ғұмырын ұлттық әдебиетті зерттеп, ғылымның дамуына үлес қосып, жүздеген шәкірт тәрбиелеген академик, қазақ әдебиеті мен фольклортану ғылымында терең із қалдырған бірегей ғалым. 

Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген.

1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған. 

ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. 

Танымал еңбектерінің қатарында "Казахская волшебная сказка" (1972), "Қазақтың халық прозасы" (1984), "Родники искусства" (1986), "Колыбель искусства" (1990), "Казахская несказочная проза" (1992),"Абай және фольклор" (1995), "Золотая жила" (2000), "Жаназық" (2002), "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары" (2003), "XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті" (2005), "О фольклоре и не только" (2005) "Елзерде" (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы. 

Сейіт Қасқабасов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атағына ие болған. М.Шолохов және Ұлы Петр атындағы ресейлік медальдармен марапатталған. 2011 жылы ТМД жалпы ғылым және білім кеңістігін дамытуға жәрдемдесетін ғылым және білім саласындағы зор үлесі үшін мемлекетаралық "Достастық Жұлдыздары" сыйлығымен марапатталды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сейіт Қасқабасов #академик #фольклортану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика