Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Алакөлге кімдер бара алмайды?

Алакөлге кімдер бара алмайды?

Шешім 10.06.2021, 11:54 1,591
Алакөлге кімдер бара алмайды?
Сурет: Gov.kz

«Сары» және «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғалардың Алакөл аймағына баруына тыйым салынады.


 Шетел азаматтарының мәртебесін тексеру үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкердің Ashyq қосымшасына паспорт нөмірін енгізу арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Қызметкерлер мен демалушы туристердің қауіпсіздігі мен Алакөл көлінің жағалауында коронавирустық инфекциясының таралуын барынша азайту кәсіпкерлік субъектілерінің «ерікті» қатысушылар форматында Ashyq жобасын енгізуі арқылы қамтамасыз етіледі.


Мұнымен қоса, демалыс аймағында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим, термометрия, бетперде кию тәртібі және әлеуметтік қашықтық сақталатын болады.


 Кәсіпкерлер немесе келушілерді демалыс және тұру орындарында орналастыруға жауапты тұлғаларға, сондай-ақ көлдің туристік-рекреациялық аймағында орналасқан қызмет көрсетуші өзге де объектілерге қоныстанатын демалушылардың «жасыл» және «көк» мәртебесін QR-код немесе ЖСН арқылы тексерген кезде ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген.



Келушілер берілген күнінен үш тәуліктен аспайтын, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен жүргізілген зертханалық тексеру туралы құжатты (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) немесе коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде, олар туристік-рекреациялық аймақ объектілеріне өз статусын тексермей кіре алады.



 Сонымен қатар, еңбекке уақытша жарамсыздығын растайтын құжатты ұсынған азаматтардың демалыс аймағына статусын тексермей кіруіне рұқсат беріледі.


 Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасының, «Алакөл» көлінің және «Рахман қайнарлары» санаторийінің туристік-рекреациялық аймақтарында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 23 мамырдағы қаулысына сәйкес, Алакөл көлінің жағалауына келетін азаматтар үшін ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеру жүргізу және оның нәтижелерін ұсыну талабы қойылмайды.


Айта кетейік, Ashyq жобасына қатысатын тасымалдаушыларды қоспағанда, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар белгілі бір шектеулермен жүзеге асырылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вакцинация #Прививки #Уколы #Қазақстан #Алакөл #кви #маска #Минздрав
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика