конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алакөлдегі қауіпсіздік күшейтілді

Алакөлдегі қауіпсіздік күшейтілді

Әлеумет 22.05.2026, 11:09 269
Алакөлдегі қауіпсіздік күшейтілді

Алакөлдегі қауіпсіздік күшейтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жетісу облысында жазғы туристік маусым қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде. Негізгі назар өңірдегі ең танымал демалыс орындарының бірі — Алакөл жағалауындағы қоғамдық тәртіп пен туристердің қауіпсіздігіне аударылып отыр.

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері демалушылардың жаппай келу кезеңіне дайындықты күшейтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күштер мен техникалық мүмкіндіктерді жұмылдыруда.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген оқиғаға жедел әрекет ету басты бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Жазғы маусым кезінде Алакөл жағалауында тәулік бойы шамамен 50 полиция қызметкері қызмет атқарады.

Сонымен қатар жағдайды бақылау тиімділігін арттыру үшін 40-қа жуық ұшқышсыз ұшу аппараты — дрондар пайдаланылады. Заманауи технологиялар арқылы полицейлер жағажайлар мен адам көп шоғырланатын орындарды бақылап, құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ туристік аймақтарға бағытталған көлік қозғалысының артуына байланысты жол қауіпсіздігі шаралары да күшейтілді. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты "мүлдем төзбеушілік" қағидатын ұстанып, профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.

"Басты мақсатымыз — туристер мен өңір тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау. Алакөлдегі демалыс тек жағымды әсер қалдыруы тиіс. Жетісу облысының полициясы жазғы маусым кезеңінде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын", — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қабылданып жатқан шаралар әрбір туристің өзін қауіпсіз сезінуіне және демалыстың тыныш әрі тәртіп сақталған жағдайда өтуіне бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алакөл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Firebird AI компаниясы үшін негізгі нарықтардың біріне айналды: Екібастұзда қуаты 125 МВт болатын AI-инфрақұрылым дамып келеді

Бүгін 13:18

Алматыда жасөспірімдер арасындағы және отбасылық-тұрмыстық қылмыс деңгейі төмендеді

Бүгін 12:25

Алматыдағы YE концертіне 60 тегін шаттл қатынайды: көлік қозғалысы мен жол шектеулері қалай ұйымдастырылады

Бүгін 12:21

Есту қабілеті төмен қазақстандықтар мүгедектікті рәсімдемей-ақ есту аппаратын ала алады

Бүгін 12:10

Алматыда Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

Бүгін 11:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);