AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алаяқтар жаңа әдіске көшті

Алаяқтар жаңа әдіске көшті

Оқиға 21.07.2022, 05:07 1,316
Алаяқтар жаңа әдіске көшті
Сурет: Qostanai.media

Олар азаматтардан халықты алдап жүрген кредит менеджерлерін әшкерелеуге көмектесуді сұрайтын болған.


Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұрын «банктен» қоңырау шалу кең қолданылса, енді  алаяқтар жаңа тәсілге көшкен.


КТК арнасының хабарлауынша, 48 жастағы Юрий Фоминых күтпеген жерден қарызға батқан. Ол 4 миллион теңгеге екі кредитті қалай рәсімдегенін түсінбей отыр. Енді ол ай сайын банктерге 120 000 теңге төлеуге мәжбүр. Оның мұндай төлемге шамасы келмейді.


Айтуынша, ол адамдарды аяусыз алдайтын интернет-алаяқтарды әшкерелеймін деп қарызға батқан. Бейтаныс біреулер телефон соғып, өздерін Ұлттық банктің қызметкерлеріміз деп таныстырған, сыпайы сөйлесіп, көмек сұраған. Юрий бұл әрекеттің астарында алаяқтардың арам пиғылы жатқанынан сезіктенбей, қолұшын созуға бірден келіскен.



«Олар банк қызметкерлерін тексеру керек деп түсіндірді. Олар өздерін таныстырып, аты-жөнін, жеке куәлік нөмірлерін, байланыс телефондарын айтты. Егер күмәндансам, рас-өтірігін анықтауыма болатынын жеткізді. Мен қайта хабарласқанымда, расында да мұндай адамдар жұмыс істейтінін айтты. Сондықтан сеніп қалдым», - деді Фоминых.



Алаяқтар ұялы телефонға қоңырау шалып, өздерін банктегі қауіпсіздік қызметінің мамандары немесе полиция қызметкері деп таныстырады. Кейін адамдарды алдап жүрген кредит менеджерлерін әшкерелеу үшін арнайы операцияға атсалысуды сұрайды.


Алаяқтардың айтуынша, мұндай менеджерлерді анықтау үшін кредит алып, ақшаны арнайы есепшотқа аудару керек.


Ал полицейлер халықтан бейтаныс адамдардың қоңырауына сенбеуді, оларға кредит алып бермеуді сұрайды.



«Ішкі істер органдары жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, азаматтардың аңғалдығы таңғалдырады. Біздің облыста жұмыс істеп тұрған банктердің қызметкерлері банктен ешкім телефон соқпайтынын жақсы білсе де, өздері алаяқтардың құрбаны болған. Күдіктілердің көп жағдайда Қазақстаннан тыс жерде болуы қылмысты ашуды қиындатып отыр. Сондықтан жәбірленушілер кредитті төлеуге мәжбүр болады», - деді СҚО ПД аға жедел уәкілі Андрей Акопян.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #банк #менеджер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);