Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алаяқтар атыңызға несие ресімдесе, не істеуіңіз ке...

Алаяқтар атыңызға несие ресімдесе, не істеуіңіз керек?

Әлеумет 17.02.2025, 10:01 718
Алаяқтар атыңызға несие ресімдесе, не істеуіңіз керек?
Сурет: Astanatv.kz

Кейінгі жылдары елімізде азаматтардың жеке дерегін пайдаланып, олардың атына заңсыз несие ресімдеуі жиілеп кетті. Мұндай жағдайға тап болғанда не істеу керек? Атыңызға несие ресімделгенін қалай біле аласыз?  Кредиттік тарихыңызды жүйелі түрде тексеріңіз, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Елімізде әрбір азамат жылына бір рет кредиттік тарихын тегін сұрата алады. Мұны бірнеше жолмен жасауға болады: 

 eGov.kz порталы арқылы. Порталда авторизациядан өтіп, «Жеке кредиттік есепті алу» қызметін табыңыз. Өтінішті толтырып, оны электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен растаңыз.

Бірінші кредиттік бюро арқылы.  1cb.kz сайтына кіріңіз немесе 1CB.kz мобильді қосымшасын пайдаланыңыз. ЭЦҚ арқылы өтінім беріп, кредиттік тарихыңызды тексеріңіз.

ХҚКО-ға жүгіну арқылы.  Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып, кредиттік тарихыңызды тексеруге болады. Кредиттік тарихыңызды айына кемінде бір рет тексеріп отырған жөн. Қайда жүгінген жөн?

Несие ресімделген банкке немесе қаржы ұйымына жүгініңіз. Несиенің қай банктен немесе микроқаржы ұйымынан алынғанын анықтаңыз. Сол ұйымға жазбаша арыз беріп, бұл несиені сіз алмағаныңызды жеткізіңіз. 

 Несие келісімшартының көшірмесін және несие ресімдеу кезінде пайдаланылған құжаттарды талап етіңіз. Егер жеке куәлігіңізді жоғалтқан болсаңыз немесе ұрлатып алсаңыз, бұл туралы анықтаманы банкке ұсыныңыз.

 Полицияға арыз жазыңыз. Ішкі істер органдарына барып, алаяқтық фактісі бойынша өтініш беріңіз. Барлық жиналған құжатты (банк жауаптары, кредиттік есеп, жеке куәлік көшірмесі, т.б.) қоса тіркеңіз. Өтінішіңіздің тіркелгенін растайтын талон алыңыз.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымданыңыз. Егер банк несие ресімдеу дерегін беруден бас тартса немесе жағдайды шешпесе, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым жазыңыз. Агенттік қаржы ұйымдарының заңсыз әрекетін тексеруге құқылы.

Сотқа жүгініңіз. Егер банк несиені есептен шығарудан бас тартса, сотқа арыз беріп, келісімді жарамсыз деп тану туралы талап қоя аласыз. Сот шешімі шыққаннан кейін несие бюросына несие туралы жалған ақпаратты алып тастау жөнінде өтініш жіберіңіз. 

Егер сіздің атыңызға алаяқтар несие ресімдесе, дер кезінде әрекет ету маңызды. Банкке, полицияға және қаржы реттеуші органдарға жүгініп, құқыңызды қорғаңыз. Ертерек қамдансаңыз, мәселені оңтайлы шешуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #қаржы #Микроқаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Диуани Хикмет" жаңа басылымы жарық көрді

Бүгін 15:26

ІІМ референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады

Бүгін 15:13

Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды

Бүгін 15:08

Референдум күні ОРК әр екі сағат сайын тікелей эфирге шығады

Бүгін 15:06

Дубайдың қақ ортасында жарылыс болды: қаржы орталығының ғимараты зақымданды

Бүгін 14:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика