Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әл-Фараби даңғылы дайын болды

Әл-Фараби даңғылы дайын болды

Әлеумет 16.08.2023, 06:09 1,124
Әл-Фараби даңғылы дайын болды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

әл-Фараби даңғылының көлік жүретін бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды


Ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары аясында ұзындығы 9 шақырым асатын әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі бөлігінде  орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын.



Алдыңғы орташа жөндеу жұмыстары бұл бөлікте 2010 жылы жүргізілген. Нормативті жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жүргізіліп, оның барысында асфальтбетон жабынында шұңқырлар, жарықтар торы, ұсақталу түріндегі ақаулар анықталды және жолдың ағымдағы жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Техникалық қорытынды негізінде Әл-Фараби даңғылын орташа жөндеу жоспарына енгізу туралы шешім қабылданды.


Осылайша, шілде айында орташа жөндеу жұмыстары басталып, оны ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыстар түнде жүргізілді. Жөндеу барысын жылдамдату мақсатында жұмыс бригадаларының жұмысы күшейтіліп, көлік жүретін бөлікті 16 тамыз күні аяқтауға мүмкіндік туындады.


Айта кетерлігі, орташа жөндеу жұмыстары барысында көлік жүретін бөлікпен бірге жаяу жүргіншілерге арналған тротуар бөлігі де жөнделеді. Тротуарларды жөндеу жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланып отыр.


Қазіргі таңда даңғыл бойында Есентай өзені арқылы өтетін көпірде жұмыстар жалғасып жатыр. Реконструкция аяқталғаннан кейін көлік жүретін бөлікте полимерлі асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төслетін болады. Жол жұмыстарының басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.


Еске сала кетейік, биылғы жол жөндеу маусымында қалада алғаш рет полимерлі асфальтбетон жабыны қолданылуда. Жол құрылысында полимер қоспасын пайдалану жабын сапасы мен төзімділігін арттырып, битумның жуылып кетуінің алдын алады. Сонымен қатар, полимер жол жабынының пайдалану ұзақтығын арттырып, беріктігі мен аязға төзімділігін қамтамасыз етеді.


Жалпы, қала әкімдігі биыл 200 шақырымнан асатын 230 көшені орташа жөндеумен қамтуды жоспарлап отыр. Қала бойынша 3097 шақырымды құрайтын 2746 көше бар. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін биыл 86%-дан 89%-ға, ал 2025 жылға дейін 95%-ға жеткізу жоспарланған, Аталған мақсатта жыл сайын кемінде 200 шақырым жол жөнделіп отыруы қажет. Осылайша, көрсетілген жұмыс көлемі жол инфрақұрылымын жақсарту жоспарларына сәйкес келеді.


Кеше





Бүгін




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әлфараби #даңғыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика