конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет...

«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді

Әлеумет Бүгін 15:44 65 Сұлу
«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді
Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы Әлішер Алпысбай әке жолын жалғастырып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алишердің әкесі – запастағы аға сержант Ержан Қазанбасов. Ол 2003–2020 жылдар аралығында Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде атқыштар батальоны құрамында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету бойынша мінсіз қызмет атқарды. Қарауыл бастығының көмекшісі лауазымында қызмет еткен әскери қызметші 2020 жылдың маусым айында құрметті демалысқа шыққан.

Араға алты жыл салып, маусымда оның ұлы Алишер Алматы қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылып, дәл осы 5513 әскери бөлімінде әскери жолын бастады. Осылайша бір әскери бөлімде әке мен бала тағдырын тоғыстырған сабақтастықтың жарқын үлгісі қалыптасты.

Бала кезінен әскери ортада тәрбиеленген жас сарбаз әкесінің қызметіне қызығып өсіп, тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңірді. Сонымен қатар спортта да елеулі жетістіктерге жетіп, каратэ шинкиокушинкайдан бірнеше мәрте республикалық турнирлерде жеңімпаз атанған.

Қазір Алишер әскери даярлықтан өтіп, жауынгерлік машықтарын шыңдап, әскери қызметтің қыр-сырын меңгеруде. Ол мерзімді әскери қызмет аяқталғаннан кейін келісімшарт негізінде Ұлттық ұлан қатарында қызметін жалғастырып, әке аманатына адал болуды мақсат етеді.

Әскери әулеттердің қалыптасуы – Отанға қызмет етудің үздік дәстүрінің жалғасуы. Әке жолын таңдаған жастардың қатары көбейген сайын әскери қызметтің беделі артып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіби мамандар легі де толыға түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #әке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық форумы өтеді

Бүгін 17:16

Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

Бүгін 16:18

Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:35

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін 14:20

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін 14:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);