AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Академик Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

Академик Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

Өмір-өзен 28.04.2025, 13:02 780 yakiya
Академик Сейіт Қасқабасов өмірден өтті
интернеттен

Бұл туралы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мәлім етті. 

Бүгін белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов өмірден өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген.

1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған. 

ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. 

Танымал еңбектерінің қатарында "Казахская волшебная сказка" (1972), "Қазақтың халық прозасы" (1984), "Родники искусства" (1986), "Колыбель искусства" (1990), "Казахская несказочная проза" (1992),"Абай және фольклор" (1995), "Золотая жила" (2000), "Жаназық" (2002), "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары" (2003), "XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті" (2005), "О фольклоре и не только" (2005) "Елзерде" (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы. 

Сейіт Қасқабасов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атағына ие болған. М.Шолохов және Ұлы Петр атындағы ресейлік медальдармен марапатталған. 2011 жылы ТМД жалпы ғылым және білім кеңістігін дамытуға жәрдемдесетін ғылым және білім саласындағы зор үлесі үшін мемлекетаралық "Достастық Жұлдыздары" сыйлығымен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сейіт Қасқабасов #академик #әдебиет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);