Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шығар...

Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шығаруда ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланады

Білім және ғылым 14.01.2026, 15:45 275
Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шығаруда ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланады
Сурет: Gov.kz

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдаланады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ғалымның айтуынша, бұрын бірнеше апта, тіпті айлар бойы қолмен немесе жеке компьютер көмегімен есептелетін аса күрделі алгебралық есептерді ҚазҰУ-дың жоғары өнімді суперкомпьютері қысқа уақытта шешіп берген.

«Тарихқа шолу жасасақ, мен Миттаг-Лефлер институтында жұмыс істеген уақытта компьютерге есептеу бағдарламаларын берсек, оның нәтижесін келесі күні ғана алатынбыз. Себебі күрделі есептерді шешу үшін қуатты компьютер қажет. Қазір өзімде сегіз процессордан тұратын қуатты жеке компьютер бар, алгебралық есептерімді соның көмегімен шығарып келдім. Алайда ҚазҰУ суперкомпьютері бұрын апталап есептелетін күрделі тапсырмаларды бар болғаны үш сағатта орындап берді. Сондықтан бұл орасан зор күш», – деді академик Асқар Жұмаділдаев.

Ғалымға ҚазҰУ Суперкомпьютер орталығының мамандары арнайы есептеуге арналған серверлерді бөліп берген және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда Асқар Серқұлұлы жоғары технологиялық құрылғының көмегімен басқа да күрделі есептерді есептеу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, ҚазҰУ-дың суперкомпьютері академиялық бағытта іске қосылған алғашқы жоғары өнімді есептеу кешені және мұндай деңгейдегі жүйе Орталық Азия өңірінде кездеспейді. Өнімділігі – 2000 терафлопс. Әлемдегі үздік 600 суперкомпьютердің бірі. Архитектурасы Intel және NVIDIA компанияларының процессорларынан құралған, қуаты ең заманауи дербес компьютерден 10 мың есе артық. Бұл жүйе күрделі математикалық модельдер мен көпөлшемді есептеулерді жоғары дәлдікпен орындауға, ауа райын болжауға, сондай-ақ жасанды интеллект пен деректерді терең талдау бағытындағы ғылыми және қолданбалы жобаларды тиімді жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#академик #Асқар Жұмаділдаев #суперкомпьтер #ҚАЗҰУ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі