AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Айыппұл, лицензиядан айыру: Алматыда балалар аурух...

Айыппұл, лицензиядан айыру: Алматыда балалар ауруханасының ғимаратын салып бітіру жауапсыз жеткізушіге міндеттелді

Әлеумет 22.08.2023, 05:47 858 Almaty-akshamy.kz. 
Айыппұл, лицензиядан айыру: Алматыда балалар ауруханасының ғимаратын салып бітіру жауапсыз жеткізушіге міндеттелді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бюджет қаржысы есебінен іске асырылатын проблемалық құрылыс және реконструкциялау нысандарын аралап көрді.


Ол 2021 жылдың 21 шілдесінде басталған ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы» МКК үшін операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің корпусын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мердігер ұйым «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС болып табылады. Бастапқыда аяқталу мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйегінде деп белгіленген. 


Мерзімнің ұзартылуына қарамастан мердігер осы уақытқа дейін жұмысты аяқтаған жоқ. Осыған байланысты әкімдік мердігер ұйымға қатысты сотқа талап арыз берді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 3 шілдедегі шешімімен «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы болып танылды, мемлекет пайдасына 12,3 млн теңге сомасында тұрақсыздық төлемі өндірілді.


Бұған қоса, мердігерлік ұйымға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 312-бабының 2-тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияның бір кіші түрінен айыра отырып, айыппұл салу түрінде шаралар қабылданды.
Қазіргі таңда ғимараттың қаңқасы, шатыры, сыртқы қабырғалар мен бөлімдерді қалау, терезе блоктары мен бірінші әрлеу жұмыстары бітті. Инженерлік коммуникациялар, лифтілерді орнату, қасбет, әрлеу, абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталып келеді. Нысан 85% дайын. Қажетті жабдықты сатып алу – 96%. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған кезде қазіргі уақытта сатып алынған және қоймаларда орналасқан жабдық орнатылады.


Құрылыс салушыға осы нысан бойынша жұмыстарды 2023 жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жүктелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл #лицензиядан айыру #жауапсыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);