Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін...

Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады

Әлеумет 13.12.2024, 13:45 711
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Елена Темиргалиева

Air Astana компаниялары тобы алғаш рет серіктестерін тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға қосқан үлесі үшін ESG Awards марапаттарымен атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл іс-шара серіктестердің экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару саласындағы еңбегін мойындау және ESG қағидаттарын насихаттауға бағытталған.

Марапаттау рәсімінде компания серіктестердің ынтымақтастықтағы ұзақмерзімділігі мен сенімділігін, корпоративтік мақсаттарды қолдауды, бастамашылық пен икемділікті, сондай-ақ ESG қағидаттарын ұстануды жоғары бағалады.

Air Astana компаниялары тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер марапаттау рәсімінде:

"Біз ESG құндылықтарын жүзеге асыруда қолдау көрсететін серіктестерімізді мақтан тұтамыз. ESG Awards – бұл біздің ризашылығымыздың нышаны әрі тұрақты болашаққа үлес қосуға шақыруымыз," – деп атап өтті.

Марапатқа ие болған серіктестер қатарында халықаралық және қазақстандық компаниялар бар:

  • EY Kazakhstan – климаттық тәуекелдер бойынша кеңес беру;
  • SITA – жолаушыларға қызмет көрсету саласындағы инновациялар;
  • «Вита Пром» – қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату;
  • McNair Flight Safety Consulting Inc – авиациялық қауіпсіздікті жақсарту;
  • Almaty Catering Services – борттағы қызмет көрсетудің жоғары стандарттары үшін.

Сонымен қатар, қайырымдылық және ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы ұйымдар да марапатталды:

  • «Аяла» қайырымдылық қоры – әлеуметтік жобаларды қолдағаны үшін;
  • «Семей Орманы» және «Павелдің шеберханасы» – жауапты тұтыну мен қайта өңдеу саласындағы бастамалары үшін.

2023 жылы Air Astana компаниялары тобы 2023-2032 жылдарға арналған ESG-стратегиясын іске қосты. Бұл стратегия сапалы білім беру, гендерлік теңдік, экономикалық даму, теңсіздікті азайту және климаттық өзгерістермен күрес сияқты басым бағыттарды қамтиды.

ESG Awards серіктестік қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Air Astana #ESG Awards #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09

Алматыда жастарға арналған құқықтық квест-марафон басталды

Бүгін 15:33

Алматыда өткен жартылай марафонда Қытайдан келген қатысушы жарыс жолының жаңа рекордын орнатты

Бүгін 15:26

Алматыда Жас сайлаушылар клубының үшінші отырысы өтті

Бүгін 15:18

Шыңғыс Айтматовтың қарындасы қазақ еліне көңіл айтты

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика