AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Айлалы антикорлар анықталды

Айлалы антикорлар анықталды

Заң мен тəртіп 20.02.2023, 11:07 1,138 Almaty-akshamy.kz. 
Айлалы антикорлар анықталды
Сурет: ашық дереккөз

Ауыл әкімдерін пара беруге итермелеген Антикор қызметкерлері анықталды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Түркістан облысының ауыл әкімдерінен пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімдігін тексеріп, ауылдық округтердің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен. Олардың тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражат беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталған», - делінген хабарламада.



Жеті ауылдық округтің әкімдері мен әкімшіліктің бір есепшісі соттармен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру және айыппұл түріндегі жазаларға тартылған. Кейін Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот оларды толығымен ақтап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің іс-әрекеттерінде тікелей арандатушылық бар екенін анықтаған.



«Өз кезегінде, екі жедел өкілге қатысты Қылмыстық кодектің 362-бабы 4-бөлігімен (билiктi және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп, кінәларын толығымен дәлелдеп, қылмыстық іс сотқа жолданған. Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 26 қаңтардағы үкімімен ауыр санаттағы лауазымдық қылмыс жасағандары үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы екі жедел өкілі арнайы шендерінен айырылып, әрқайсысы алты жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылды. Жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілді», - делінген хабарламада.




Үкімге сотталғандар апелляциялық шағым түсіріп, заңды күшіне енбегені атап өтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #итермелеген #Ауыл әкімдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);