AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат алты жылға сотталд...

Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат алты жылға сотталды

Заң мен тəртіп 18.07.2025, 17:45 808
Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат алты жылға сотталды
infozakon.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім шықты.

Соттың үкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Сәкен Мамаш кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді судья Артур Абдыханов жария етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес, Сәкен Мамаш 1-сыныпты кеңесші дәрежесіндегі дипломатиялық атағынан айырылды.

Экс-дипломатқа қатысты сот процесі 10 маусымда басталған болатын. Іс жабық форматта қаралды. Бұған дейін сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ қолдану туралы өтінішті қанағаттандырмаған еді.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Госман оның он жыл бойы денесіне және жыныстық тұрғыда күш қолданғанын мәлімдеген. Осы мәлімдемеден кейін Сакен Мамаш қызметінен шеттетілген. Осы жылдың 28 маусымында Сәкен Мамаштың үстінен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша сот отырысы өткен болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cәкен Мамаш #экс-дипломат #сот #үкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);