Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әйелін ұрған алматылық кәсіпкер қамалды

Әйелін ұрған алматылық кәсіпкер қамалды

Заң мен тəртіп 26.02.2026, 09:43 81
Әйелін ұрған алматылық кәсіпкер қамалды
интернет

Полицияның мәліметінше, ер адамға сталкинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы облысында актриса әрі блогер Әнел Аманғалиеваның күйеуі ұсталды. Бұған дейін ол алматылық кәсіпкер тарапынан жарты жылдан астам уақыт бойы қудалау, соққы және қоқан-лоқы көріп жүргенін ашық мәлімдеген еді.

Полицияның мәліметінше, ер адамға сталкинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол ұсталып, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Материалдар сотқа жолданған.

— Бұған дейін Алматы облысы полиция департаментіне өңірдің 29 жастағы тұрғыны танысына қатысты шара қабылдауды сұрап арызданған. Оның айтуынша, ер адам оның еркінен тыс мессенджерлер мен мобильді қосымшалар арқылы навязчив түрде қудалаған. Күдікті жүйелі түрде хабарламалар жолдап, арыз иесіне психологиялық күйзеліс келтірген, — деп толықтырды полицияда.

Әнел Аманғалиеваның айтуынша, 24 ақпанда жұбайына қатысты алғашқы сот отырысы өткен. Сот оны сталкинг ісі бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамау жазасын тағайындаған, сондай-ақ жәбірленушілерге өтемақы қорына 5 АЕК төлеуге міндеттеген.

Бұдан бұрын Әнел әлеуметтік желілерде алматылық кәсіпкермен әлі күнге дейін ресми некеде екенін, оның ажырасуға келісім бермей отырғанын айтқан. Оның сөзінше, неке тіркелгеннен кейін қорлау мен қысым басталған. Әнел қарым-қатынасты түбегейлі аяқтауға шешім қабылдаған соң, қудалау одан сайын күшейген. Сонымен қатар, ер адам оны интимдік фото мен видеолар арқылы бопсалаған. Жалған аккаунттар ашып, таныстары мен клиенттеріне жазған, кейін парақшаларды өшіріп, жаңаларын қайта ашып отырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сталкинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика