Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Аида Балаева Orda.kz пен ҚазТАГ дауына қатысты пік...

Аида Балаева Orda.kz пен ҚазТАГ дауына қатысты пікір білдірді

Мұны білген жөн 10.12.2025, 11:36 422
Аида Балаева Orda.kz пен ҚазТАГ дауына қатысты пікір білдірді
© SPUTNIK

Вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты сот процестеріне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанның медиа кеңістігінде қызу талқыланып жатқан бірнеше сот процесіне, соның ішінде Orda.kz сайты мен ҚазТАГ агенттігіне қатысты істерге байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл процестерді ерекше бақылауда ұстап отыр.

"Біз үшін елімізде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек. Мұндай жағдайлар әрдайым медиа қауымдастықты алаңдатады. Себебі бұл сөз бостандығы мен заңды журналистік қызмет секілді аса маңызды мәселелерге тікелей қатысты. Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін. Қалай болғанда да, біз кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келеміз.
Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін", - деді ол. 

Сонымен қатар, ол Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде журналистердің құқығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуына қажет барлық шараны қабылдауға дайын екенін айтты.

Министрдің бұл жазбасына ҚазТАГ агенттігінің басшысы Әсет Матаев жауап берді. 

"Құрметті Аида Ғалымқызы, қайырлы таң! Сізге жағдайды дұрыс баяндамаған сияқты. Екі түрлі істі қатар қойып қарастыру онша дұрыс емес. Бұл іс шілде айында қозғалған, ал ҚазТАГ-қа қатысты қылмыстық іс қараша айының соңында, жалған сараптамалар негізінде жарияланды. Мұндағы заң бұзушылықтар шаш етектен. "Масс-медиа туралы" жаңа заңның 68-бабы бізді қорғайды. Себебі редакция барлық материалды тікелей бастапқы дереккөзден – Freedom Finance-қа қатысты екі қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер мен олардың адвокатынан алып жариялады. Қолымызда бейнежазбалар бар, ал мәтінде олардың сөздері дәйексөз ретінде айна-қатесіз келтірілген. Бұл – олардың тікелей сөзі. Олар Freedom Finance қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша әлі күнге дейін жәбірленуші саналады. Өзге БАҚ-тардың көбінде жарнамалық келісімшарттар болғандықтан, олар жәбірленушілерге өз алаңын ұсынбады, сол себепті олар біздің редакцияға келді. Ал құқық қорғау органдары істі тиісті деңгейде тергемеді. Бізге қатысты айыптаулардың барлығы тек біржақты, айыптау бағытында құрылған. Өкінішке қарай, Freedom Finance-тың Қазақстанда ықпалы бар екені бесенеден белгілі...", – деп жазды Матаев өз арнасында.

Еске салайық, биыл желтоқсанның басында Orda.kz редакциясының кеңселері мен бас редактор Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізілген еді. Бажкеноваға көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, Алматының тергеу соты оны екі айға үй қамаққа алды.

Ал ҚазТАГ агенттігінің басшылығы – Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасеновке қатысты қылмыстық іс Freedom Finance компаниясының шағымы негізінде қозғалған. Freedom Finance журналистерді компанияның алаяқтық схемалары туралы жазғаны үшін "көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыптап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аида Балаева #Orda.kz #ҚазТАГ #журналист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика