AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ағылшыншасы "судай" алматылық полицей желідегілерд...

Ағылшыншасы "судай" алматылық полицей желідегілерді таңғалдырды

Барлығы 24.07.2025, 16:36 687 dulatbekova
Ағылшыншасы "судай" алматылық полицей желідегілерді таңғалдырды
Сурет: видеодан алынған кадр

Жуырда әлеуметтік желіде Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерінің мопед айдаған шетелдік азаматпен ағылшын тілінде сөйлескен видеосы тарады. Көпшілік бұл сәтті ерекше жылы қабылдап, тәртіп сақшысының біліктілігі мен сыпайылығына жоғары баға берді. Бұл оқиғаның мән-жайын Aqshamnews.kz тілшісі анықтап көрді.

Бейнежазбада полиция капитаны өзін қызметтік этикетке сай таныстырып:

– Саулығыңызды тілеймін, полиция капитаны Сейсенбаев, – деп шетелдік азаматқа жақындайды. Алайда мопед жүргізушісі:

– Sorry! I don’t speak Russian, – деп, орыс тілінде сөйлей алмайтынын жеткізеді.

Полиция қызметкері еш тосылмай, ағылшын тілінде еркін диалог құрып кетеді. Турист өзін Алекс деп таныстырып, Италиялық екенін, Австралиядан келе жатқанын және 10 шақты елді аралағанын айтып береді. Алдағы бағыты – Ресей екен.

– Біздің еліміз туралы не ойлайсыз? – деген сұраққа шетелдік:

– Өте әдемі, маған бұл мемлекет ұнайды, – деп жауап береді.

 Капитан Сейсенбаев оған қажетті жағдайда «102» нөміріне хабарласуға болатынын айтып, қоштасады. Ағылшын тілінде еркін сөйлеген полиция қызметкері бұл әрекеті арқылы сыпайылықтың да үлгісін де танытқандай.

 Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, желі қолданушылары бұл көрініске тамсана пікір қалдырды:

 «Жарайсың! Жігітке жеті өнер де аз»,

«Басқа планетаның полицейі шығар)))»,

«Қазақстанда да осындай қызметкер бар екеніне сенгім келеді»,

«Арнайы түсірілген шығар»,

«Жарайсың! Мектепте ағылшын тілін жақсы оқыған ғой деймін»  – деп жарыса жазды қолданушылар.

Бұл жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында біз полиция капитаны Нұрболсын Сейсенбаевқа хабарластық. Ол оқиғаның шынайы екенін растады. Ағылшын тілін қайдан меңгергенін сұрайық дегенімізде: 

– Жұмыс барысында кез келген жағдай болуы мүмкін. Қазір қызмет барысындамын, уақытым тығыз, – деп қысқа қайырды.

Қалай болғанда да, бұл оқиға – полиция имиджіне оң әсер етіп, халықтың сенімін арттырған жарқын мысалға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Полиция қызметкері #ағылшынша сөйлесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);