AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Аграрлық өндіріске қолдау

Аграрлық өндіріске қолдау

Сайлау-2023 08.11.2022, 10:18 1,259
Аграрлық өндіріске қолдау
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жигули Дайрабаев Алматыдағы жас мамандармен аграрлық секторды дамыту мәселелерін талқылады. 


Президенттікке кандидат Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттерімен, оқытушыларымен және қызметкерлерімен кездесті.


Кандидат әлемнің жетекші аграрлық державаларының тәжірибесі Ауыл шаруашылығын табысты дамыту тек ғылым, білім, өндірістің интеграциясы негізінде ғана мүмкін екенін көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, біздің фермерлер инновациялық технологияларды, жаңа жоғары өнімді сорттарды, жоғары өнімді тұқымдарды тезірек енгізген жағдайда ғана Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.


- Өкінішке орай, ғылыми-зерттеу қызметінің сапалы нәтижелері аграрлық өндіріске жетпейді. Іске асыру жүйесі жұмыс істемейді. Коммерцияландыру және трансферт орталықтарын, фермерлерге жаңа технологиялар, жаңа сорттар мен тұқымдар туралы білім беру орталықтарын құруға ерекше назар аудара отырып, ғылымның ұйымдық құрылымын өзгерту қажет. Нақты жұмыс істейтін ғалымдар лайықты еңбекақы алуы үшін аграрлық ғылымды қаржыландыру схемасын өзгерту қажет, – дейді Жигули Дайрабаев.


Ол сондай-ақ ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын агроқұрылымдарды ынталандыру мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістерді қисынды соңына дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. 


Кездесу барысында кандидат ғылыми-зерттеу институттарын қаржыландыру кешенді және жүйелі болуы тиіс екенін айта келіп, елдегі ғылыми қызметтің дамуына барынша күш салуға ниетті екендігіне сендірді.


Естеріңізге сала кетейік, сайлау науқаны 21 қазанда басталып, сайлауға бір күн қалғанда, яғни, 19 қарашада аяқталады. Бұл күн республика бойынша тыныштық күні болады. Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #президент #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28

«МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АҢЫЗЫ» атты мерейтойлық кеш өтеді

Бүгін 12:14

Мұғалімдерге не сыйлауға болады?

Бүгін 12:08

Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 11:45

Екі аптаға созылған арпалыс: алматылық дәрігерлер 11 баланың анасы мен оның жаңа туған қызын аман алып қалды

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);