AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АЭС салынатын жаңа өңір аталды

АЭС салынатын жаңа өңір аталды

Әлеумет 21.04.2026, 14:26 200 yakiya
АЭС салынатын жаңа өңір аталды

Қазақстанда атом электр станциясын салуға Қостанай облысы қарастырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мұны Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдегі энергия тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кемінде үш, ал болашақта төрт атом электр станциясын салу жоспарланған.

Сәтқалиев бірқатар әлеуетті алаңдар зерттелгенін айтты. Олар болжамды энергия балансы, экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздік талаптары негізінде таңдалған.

“Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қолайлы бірнеше бірегей алаң бар. Біріншіден, Балқаш маңы. Мұнда алтыға дейін ірі энергоблок салуға мүмкіндік бар. Екіншіден, Курчатов қаласы. Бұл өңірдің шағын және орта қуатты реакторлар үшін әлеуеті жоғары. Сонымен қатар Батыс Қазақстанда энергетикалық қондырғыларды біріктірілген режимде пайдалану тәжірибесі бар”, – деді ол.

Сонымен қатар агенттік басшысы тағы бір өңірге ерекше тоқталды.

“Энергетикалық теңгерімге сүйенсек, Қостанай өңірі де алдағы 20–30 жылда атом элект станциясын салуға перспективалы орынға айналуы мүмкін”, – деді Сәтқалиев.

Осылайша, Қостанай облысы ұзақ мерзімді перспективада Атом электр станциясын салуға ықтимал өңірлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынатынын айтқан болатын. "Росатом" Үлкен ауылында алғашқы АЭС-тің алдын ала жұмыстарын бастағаны туралы хабарлаған едік. Қазақстан үкіметі екінші атом электр станциясын Алматы облысының Жамбыл ауданына салатын болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы:"Біз Заң мен тәртіпке бағынатын, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз"

Бүгін 16:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік және бизнес өкілдері өзекті түйткілдерді ашық талқылап, шешу жолдарын бірлесе отырып іздеуі қажет»

Бүгін 16:26

Мемлекет басшысы: «Еліміздегі сот тәжірибесі үшін де бетбұрыс кезеңі басталды»

Бүгін 16:24

«Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды»

Бүгін 16:21

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы өтеді

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);