Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС салу – Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қа...

АЭС салу – Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір дұрыс шешімі

АЭС: Референдум 27.08.2024, 11:20 1,903
АЭС салу – Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір дұрыс шешімі
primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары қаралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

• Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндамасында ел экономикасының тұрақты өсуі электр энергиясына сұраныстың артуымен қатар жүретінін атап өтті. Өнеркәсіп, металлургия, көлік, IT, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да секторларда жаңа жобаларды іске асыру үшін қазірдің өзінде электр энергиясының едәуір көлемі қажет.

«Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға, экономикалық өсуді ынталандыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Алайда олардың дамуы елдегі энергия қуатының жетіспеушілігімен шектелуде. Егер жаңа тұрақты энергия көздерін – жаңартылатын, реттеуші және базалық қуаттарды салу бойынша шұғыл шаралар қабылданбаса, жағдай күрделене түсуі мүмкін», — деп мәлімдеді Алмасадам Сәтқалиев. 

Бүгінгі таңда электр энергиясын өндірудің негізгі үлесі өндірістің 66%-ын қамтамасыз ететін көмір стансаларына тиесілі. ЖЭК секторы өсімді көрсетуде: нысандар саны 148-ге жетті, өндіріс үлесі шамамен 6%.

Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағ дейін өседі. Бұл ретте бірқатар объективті себептер бойынша қолданыстағы энергия көздерін өндіру 135 млрд кВт/сағ-қа дейін төмендейді. Таяудағы 10 жылда Қазақстанға жиынтық қуаты 26,5 ГВт жаңа өндіруші қуаттарды енгізу қажет.

Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту және кеңейту бойынша 22 инвестициялық келісім жасалды. Ұлытау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматыда жалпы қуаты 3500 МВт-тан асатын маневрлі газ электр стансаларын салу бойынша жобалар портфелі іске асырылуда. Жаңа ЖЭО салу бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар экономика мен халықтың өсуін ескере отырып, электр энергиясының болашақ тапшылығын қанағаттандыру үшін қолға алынатын шаралар әлі де жеткіліксіз. Министрдің айтуынша, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом электр стансасын салу – шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Олжас Бектенов #АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика