Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС салу – Қазақстанның энергетикалық болашағын қа...

АЭС салу – Қазақстанның энергетикалық болашағын қамтамасыз етудің тиімді жолы

АЭС: Референдум 16.09.2024, 12:14 1,172
АЭС салу – Қазақстанның энергетикалық болашағын қамтамасыз етудің тиімді жолы
aes2024.kz

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу елдің атом индустриясын дамытуға және тұтастай алғанда экономикаға үлкен мүмкіндік ашады. Бұл туралы "AMANAT" партиясының қолдауымен құрылған Халықтық штабтың өңірлерде өткізіп жатқан түсіндіру жұмыстары барысында айтылды.

Үлбі металлургиялық зауытының бас инженері Игорь Коробейниковтың айтуынша, АЭС-тің жұмысы кез келген басқа жылу электр станциясына ұқсас, тек көмірмен жұмыс істейтін қазандықтың орнына атом реакторы қолданылады.

"АЭС те жылу станциясы сияқты белгілі бір көлемде суды тұтынады. Сондықтан суды пайдалану тұрғысынан бұл басқа жылу станцияларынан ерекшеленбейді," – дейді ол.

Қазақстанда АЭС салу көмірқышқыл газының шығарындыларын 7 миллион тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құрып, тұрақты және арзан энергиямен 60 жылдан астам қамтамасыз етеді. Бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізудің маңызды қадамы болып табылады.

Халықтық штаб мүшесі Аманбай Нұркенов АЭС салу мәселесі сенімді және экологиялық таза қуат көздеріне деген қажеттіліктен туындағанын атап өтті.

"Бүгінгі таңда еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр қуатының тапшылығы байқалуда. Біз көрші елдерден қомақты көлемде электр энергиясын сатып аламыз. Сондықтан АЭС – энергия тапшылығын шешудің негізгі жолы," – дейді Нұркенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика