AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС салу – бір күннің мәселесі емес

АЭС салу – бір күннің мәселесі емес

АЭС: Референдум 12.09.2024, 09:30 2,274
АЭС салу – бір күннің мәселесі емес
amanatpartiasy.kz

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атом электр станциясының экономиканың, өнеркәсіптің, білімнің және ғылымның дамуына тың серпін беретін аса маңызды жоба екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, АЭС түрлі тәуекелдердің алдын алып, елімізді қуатты энергетикалық базасы бар прогрессивті мемлекеттердің қатарына қосуға ықпал етеді.

«АЭС салу – бір күннің мәселесі емес. Жобаны іске асыру он жылды, тіпті одан да көп уақытты алуы мүмкін. Сіздердің барлығыңыз да экономикасы дамыған, болашағы зор, қуатты және тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргіңіз келетіні сөзсіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да мақсаты – осы. Қазіргі қолға алынып жатқан барлық істер, ең алдымен, сіздер үшін жасалып жатыр. Ендеше, батыл шешім қабылдайтын уақыт келді. Ал батыл шешімді қабылдайтын – жастар! Олай болса, алдағы референдумда АЭС салуға қолдау білдіріп, өз болашақтарыңыз үшін дұрыс таңдау жасауларыңыз қажет», – деді Ерлан Қошанов жастарға арнаған сөзінде.

Әңгімелесу барысында Халықтық штаб мүшелері АЭС құрылысының жастарға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, лайықты жалақысы бар онмыңдаған жаңа жоғары білікті жұмыс орындары ашылады. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының түлектері АЭС құрылысына қатысуға және отандық атом индустриясында қызмет етуге барлық мүмкіндікке ие болады.

Болашақта атом энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, онда АЭС қажеттілігіне қарай арнайы кадр даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);