AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Адами капиталды сапалы дамыту - қала әкімдігінің ж...

Адами капиталды сапалы дамыту - қала әкімдігінің жұмысындағы басым міндет

Әлеумет 12.12.2022, 06:24 1,027
Адами капиталды сапалы дамыту - қала әкімдігінің жұмысындағы басым міндет
Сурет: Adyrna.kz

Біз білім беру саласына ерекше көңіл бөлеміз - Е.Досаев. 


Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Осы  жылдың 1 желтоқсанында Алматыда 13,5 мың оқушы орнына арналған 16 мектеп пен қосымша құрылыс пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 4 570 орындық тағы 5 нысанды пайдалануға беріледі (3 мектеп, 2 қосымша құрылыс)»,  - деді Алматы әкімі Е.Досаев. 



«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде оқушы орындарының «созылмалы» тапшылығын жою үшін Алматыда 37 100 оқушыға орнына арналған 22 мектептің құрылысы басталады (53 млрд.теңге).


Жер учаскелерін сатып алу және инфрақұрылымға қосу үшін 11 млрд. теңге қажетті қаражат қаланың 2023-2025 жылдарға бекітілген бюджетінде көзделген.


«1000 мектеп» жобасы бойынша 2023-2025 жылдары жергілікті бюджет есебінен 27 150 орындық 36 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл 2025 жылдың соңына дейін оқушы орындарының тапшылығын «басқарылатын» деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді (3000-4000 орын).


2023 жылы 29 мектептен 7 700-ден астам (7 722)  баланы қамти отырып, «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылады.            


Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жобасын бастадық. Жалпы оқушы санының 45%-ы, яғни 133 мың бала қамтылды (2022 ж. - 7,1 млрд. теңге, 2023 ж. – 800 теңгеге дейін бағаның өсуін ескере отырып - 20,4 млрд. теңге).



«Сіздің тапсырмаңызды орындау үшін 2023 жылы мегаполистің барлық 212 мектебінде «дабыл түймелері», өткізу жүйесімен және бейнекамералармен жабдықталған кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілетін болады (3 жылға - 5 млрд. теңге)», - деді Е.Досаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жайлы мектеп #адами капитал #Үкімет отырысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ана өлімі азайған

Бүгін 09:48

Алматы жастарына Нобель сыйлығының лауреаты Раэ Квон Чунг дәріс оқыды

Бүгін 09:12

Бүгін еліміз бойынша ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:53

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика