Алатау ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу бойынша 2024 жылғы атқарылған жұмыстар туралы
Сыбайлас жемқорлық – мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінге дейін белең алып отырған қоғам дертінің бірі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу - қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік таныту - азаматтық парыз.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұжымдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Алатау ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда.
Жыл басынан бері аудан аппаратында 5 (бес) семинар өткізілді. Семинар барысында әрбір қызметкердің назарына қолданыстағы заңнама нормаларының (атап айтқанда «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» нормаларының) қатаң сақталуы түсіндірілді.
2024 жылғы 14 ақпанында аудан әкімінің төрағалығымен және Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасының басшысы Қ.А. Сәлімбаевтың қатысуымен, аудан аппаратының қызметкерлері үшін семинар өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қаңтар, сәуір айларында аудан аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің төрағалығымен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, онда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарының қатаң сақталуы түсіндірілді.
2024 жылдың 30 мамырында Алматыда және барлық ірі қалалар мен өңірлерде жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді. Акция аясында мемлекеттік органдардың 40-қа жуық өкілі (оның ішінде аудан аппаратынан), сондай-ақ қаланың 100-ден астам білікті заңгерлері мен адвокаттары қала тұрғындарын қабылдап, тегін заңгерлік кеңес беріп, көмегін көрсетті.
2024 жылғы 17 мамырында Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.К. Ахетов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Р. Қошатаевтың төрағалығымен «Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әдеп нормаларының талаптарының қатаң сақталуы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
2024 жылғы 24 шілдеде Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында Алатау ауданының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен және аудандағы білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің, мемлекеттік мекемелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
- Аудан аппаратының қызметкерлері арасында құқықтық мәдениетті, олардың қолданыстағы заңнамалық актілер бойынша құқықтық білімдерін арттыру мақсатында «Құқықтық жалпыға бірдей оқыту» бойынша семинарлар кезең-кезеңімен өткізіліп тұрады.
- Аудан аппаратының ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» туралы арнайы бөлім бар, онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі», сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жөніндегі басқа да ақпараттар жарияланған.
Бұдан басқа, аудан аппаратында «Адалдық алаңы» фронт-офисі тұрақты негізде жұмыс істейді. Жыл басынан бері ауданның 400-ден астам тұрғынына құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Алатау ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.