AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Адалдық танытқан азаматтар

Адалдық танытқан азаматтар

Әлеумет 17.10.2022, 10:35 1,017
Адалдық танытқан азаматтар
almaty-akshamy.kz

«Адамды көрікті ететін киімі емес, игі істері»  дейді халық даналығы. Мейірімділік қазіргі қоғамда алтынмен өлшенеді. Өкінішке қарай, бұл қасиет бәріне бірдей берілмеген. Сондықтан да жастарымыздың арасында айналаға немқұрайлы қарамайтын, жанашыр жандарды байқап, атап өту екі есе ғанибет.


Игі істердің бірі күні кеше құрамында «Almaty aqshamy» және «Вечерний Almaty» газеттері бар «Alatay Аqparat» медиахолдингі ғимаратының жанында болды. Студент-жастар «Сіздердің қызметкерлеріңіз сөмкелерін жоғалтып алған жоқ па?» - деп біздің редакциямызға келді.  


Белгілі болғандай, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінің (АГКТК) 1-курс студенттері Ақжол Әбдіқадырұлы мен Данияр Сәке көшеде келе жатып, түсіп қалған қол сөмкеге тап болып қалады. Сөмкеде иесінің жеке куәлігі, банк карталары және ақша бар. Әмиянның ішінде  100 мың теңге болған.


Бейнебақылау камералары арқылы маңайдағы аумақты қарап, біз азық-түлік дорбаларын көтерген әйелдің қолындағы торын жай ғана түсіріп алғанын білдік.


Бір қызығы, табылған заттарды бізге әкелген жігіттер: «Сөмкені міндетті түрде үй иесіне қайтарасыз ба?» – деп сұрады. Біз оларға табылған затты аман-есен жеткізуге көмектесеміз деп уәде беріп қана қоймай, олар туралы фотосуретпен жазба жариялауды жөн көрдік.


Қазақтың осынау жап-жас, жасы кіші  болса да, қаймағы бұзылмаған тектілігі бар балалары құрмет пен сүйіспеншілікке лайық. Болашақ теміржолшылар жуырда ғана алғаш рет ай сайынғы 21 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыларын алғандарын айтып, барлығы ата-анасын, аға-әпкелерін қуантуға асықты.


«Біз бастапқыда пранк деп ойладық. Сөмкені әдейі жерге қойып, бізді сынамақ болды деп ойладық», – дейді колледж студенттері.  


Р.S. 1958 жылы дүниеге келген Ардақ Болатқызы Бектемірова жоғалған заттарын «Alatay Аqparat» медихолдингінен алып кете алады.   


 Саида АХМЕДОВА

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #адалдық #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);