Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Адал сайлау тәуелсіздіктен басталады: Алматыда Дүн...

Адал сайлау тәуелсіздіктен басталады: Алматыда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар өтті

Әлеумет 29.01.2026, 18:07 253
Адал сайлау тәуелсіздіктен басталады: Алматыда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар өтті
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы

28-29 қаңтар күндері Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар циклі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Екі күн ішінде қаланың аумақтық сайлау комиссиялары семинарлар мен дәрістерден бастап, дебаттар, дөңгелек үстелдер және интерактивті алаңдарға дейінгі түрлі форматтағы 16 кездесу ұйымдастырды. Іс-шараларға барлығы 866 адам қатысты, оның 769-ы жастар.

Барлық кездесулер «Электоралды қағидаттар – сайлаушы сенімінің негізі» ұранымен өтіп, сайлау процесінің басты қағидаты – тәуелсіздікке арналды. Негізгі назар тәуелсіз сайлау комиссияларының рөліне, сайлаудың заңдылығы мен ашықтығына, сондай-ақ құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің маңызына аударылды.
Мегаполистің барлық аудандарында оқыту семинарлары, қонақ дәрістер, дебаттар, пікірталастар және шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. Қатысушылар адал әрі ашық сайлау тақырыбын талқылап, әлеуметтік желілердің электоралды мәдениетке ықпалы туралы ой бөлісті, өз көзқарастарын және өмірлік тәжірибелерін ортаға салды. Мұндай формат сайлау туралы әңгімені жандандырып, оны түсінікті әрі шынайы қызықты етуге мүмкіндік берді.
Жұмыстың негізгі бағыты жастарға – мектеп оқушыларына, студенттерге және жас мамандарға арналды. Интерактивті тәсілдер маңызды ақпаратты жеткізіп қана қоймай, әр қатысушының өз пікірін айтуына, сұрақ қоюына және сайлауға қатысудың жеке маңызын сезінуіне жол ашты.
«Жастармен жұмыс – бұл болашақ туралы әңгіме. Біз үшін оқушылар мен студенттердің өз рөлін сезініп, олардың дауысы шынымен маңызды екенін түсінуі аса құнды», – деп атап өтті Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясында.
Өткен іс-шаралар қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, сайлау тақырыбының өзектілігін көрсетті. Ашық диалог пен интерактивті форматтар тәуелсіздік қағидатының мәнін тереңірек ұғынуға, сайлау жүйесіне деген сенімді нығайтуға және сайлауға қатысуға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика