AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Адал азаматтарға сыйақы: Алматыда сыбайлас жемқорл...

Адал азаматтарға сыйақы: Алматыда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлап айтқандарға 1,2 млн теңге төленді

Әлеумет 18.04.2025, 12:29 785
Адал азаматтарға сыйақы: Алматыда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлап айтқандарға 1,2 млн теңге төленді
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Арман Рахимовтың айтуынша, жыл басынан бері 66 іс-шара өткізіліп, 5,5 мыңнан астам адам қамтылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — біздегі басты басымдықтың бірі. Біз алдын алу, ағарту және азаматтық жауапкершілікке ерекше мән береміз», — деді ол өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында.

Мемлекеттік институтттарға деген сенімді күшейтіп, адал әрі әділ болудың маңызын арттыра түсу үшін, бұл мәселеде «Заң мен тәртіпке» көбірек арқа сүйеу маңызды.

Арман Рахимовтың айтуынша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Алматыда 262 ерікті жұмыс істейді. Олар 34 кездесу өткізіп, жастарды адалдыққа, заңға бағынуға үндеуде.

«Бұл жоба жастар арасында ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын насихаттайтын тиімді алаңға айналды», — деп атап өтті ол.

Оның сөзінше, белсенді азаматтарды ынталандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған екі адам 1,2 миллион теңге көлемінде сыйақы алған.

«Бұған бей-жай қарамай, осы іске өзінше үлес қосып жүргендерге алғысымыз шексіз. 2024 жылы барлығы 9 азамат марапатталып, олардың алтауы 5,2 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды», — деді департамент басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сыбайлас жемқорлық #сыйақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15

Бизнес – экологиялық өзгерістердің серіктесі

Бүгін 12:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);