Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Абай университетінің базасында өткен байқау

Абай университетінің базасында өткен байқау

Білім және ғылым 06.12.2022, 08:04 1,497
Абай университетінің базасында өткен байқау
almaty-akshamy.kz

3-4 желтоқсан күндері Абай университетінің базасында мектеп мұғалімдері арасында математика, физика және информатика мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Іс-шараға ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, ҚР Ата-аналар комитетінің өкілі Гүлнар Омар, «Зерделі» білім беру орталығының директоры Рысбек Мәуіт және Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және құзыреттілігін арттыру, Қазақстандағы математика мұғалімдерін біріктіру және кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгеруді көрсете отырып, тәжірибе, білім алмасу, сондай-ақ оларға қолдау көрсету. Байқау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан математика мұғалімдерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды.



Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен 400-ден астам мұғалім қатысып, 3 200-ге жуық тапсырма тексерілді. Республиканың үздік мұғалімдері олипиадаға қатысып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, шахмат және тоғызқұмалақ турнирі, «Білім» халықаралық көрмесі, Мәскеудегі математика пәні мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқауының үш дүркін жеңімпазы Ибрагим  Ибатулиннің семинар-тренингі ұйымдастырылды.



Шәкәрім Сейсенбайдың модераторлығымен «Жайлы мектеп» пленарлық отырысы өтіп, «Daryn Online» негізін салушы және директоры Асқар Мақсат, №81 мектеп-гимназиясының директоры Нұрғали Тұрымбетов, «JOO.kz» – Қанат Үксікбаев, «Alan» ОМ – Пирмағанбет Даурхан, «Дана» жеке орта мектебі – Рената Төлегенова баяндама жасады.



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ш.Нұрлановтың модераторлығымен заманауи білім беру саласына арналған пленарлық мәжіліс жалғасын тауып, Асқар Жұмаділдаев, Ирина  Смирнова, Омар Гүлнар сөз сөйледі. Проректор Абай университетінде мектептердің ең мықты мамандары бас қосқан осы ауқымды іс-шараны өткізу маңызды оқиға екенін атап өтіп, ол болашақ сұранысқа ие мамандарды даярлауда одан әрі табыстар тіледі және университет басшылығы атынан ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.




Спикерлер мен қатысушылар математика, физика және информатика мұғалімдерінің халықаралық шығармашылық байқауының маңыздылығын атап өтті.


Іс-шара Қазақстан Республикасы өңірлерінен келген үздік мұғалімдерді марапаттау рәсімімен жалғасты. Барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен, ал жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #универ #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика