AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мармара университеті мем...

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мармара университеті меморандумға қол қойды

Білім және ғылым 24.06.2022, 11:38 2,439
Абай атындағы ҚазҰПУ мен  Мармара университеті меморандумға қол қойды
almaty-akshamy.kz

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов бастаған университет басшылығының Мармара университетінің (Стамбул қ., Түркия) делегациясымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Мармара университетінен келген делегация құрамында білім беру ісі жөніндегі проректор профессор Мұстафа Желен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор профессор Хасан Қорқыт, бас хатшы, доцент Мұрат Арисал, халықаралық қатынастар және академиялық ынтымақтастық басқармасының бас директоры, профессор Нури Тиназ болды.




Кездесу барысында екі университет туралы ақпарат ұсынылды, олардың бірлескен жұмыс істеу мүмкіндігі талқыланды және екі жоғары оқу орны арасындағы неғұрлым тығыз әріптестіктің негізін қалайтын бағыттар келісілді.
Мармара университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы кезеңде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 200-ден астам магистранты Мармара университетінде тағылымдамадан өтті.




Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты мен Мармара университеті арасында қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері талқыланды, сонымен қатар екі университет ректорлары Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мармара #университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);