AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 9 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді

9 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді

Әлеумет 06.04.2022, 06:17 1,168
9 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді
www.inform.kz

Алматы әкімдігі тұрғындарды 9 сәуірде Birge – taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады. Уақыты: сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін. Сенбілікке коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері мен 400-ден астам арнайы техника шығады.


 Қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, тынымбақтарды, аулаларды, сондай-ақ сауда нысандарына, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту жоспарлануда. Жаппай ағаш отырғызу да жоспарланған.


Барлық меншік түріндегі ұйымдардың, соның ішінде ЖИБ, ПИК басшыларының қажет болған жағдайда сенбілікке қатысушыларды іргелес аумақтар мен аулаларда қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғаптармен, қаптармен қамтамасыз етуін сұраймыз.


Қоқыс салынған қаптарды жол жиегіне қою ұсынылады. Оларды қаланың коммуналдық қызметтері алып кетеді.


 Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындар:


1) Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.


2) Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.


3) Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде. 


4) Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.


5)   Жетісу ауданында - Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.


6) Медеу ауданында – «Восточка» ТК артындағы Казачка өзенінің, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.


7)  Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байзақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.


 8) Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #таза #қала #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);