Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 80 жылдан кейін Отанына оралды

80 жылдан кейін Отанына оралды

Әлеумет 16.01.2024, 13:13 1,083
80 жылдан кейін Отанына оралды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі Ұлы Отан соғысының майдан даласында қаза тапқан Кәдірбек Дәулетқұловтың сүйегін кіндік қаны тамған туған жеріне қайта жерлеу үшін Жамбыл облысына жеткізді. Бұл үшін Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көліктік ұшағы арнайы рейсті жүзеге асырды.


Қазақстандық жауынгердің сүйегін қарсы алуға арналған рәсім Тараз қаласы әуеайлағының әскери секторында әскери оркестрдің орындауындағы марштың сүйемелдеуімен барлық әскери рәсімдерді сақтай отырып ұйымдастырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Іс-шараға Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.


Жамбыл облысының тумасы Кәдірбек Дәулетқұловтың сүйегін 2023 жылдың қараша айында Ресейдің «Әулие Илья Муромец заставасы» іздеу жасағы тапқан болатын. Іздеушілер сүйектің кімге тиесілі екенін медальондағы деректер арқылы анықтай алған.


– Кәдірбек Дәулетқұлов туралы көптеген әскери ақпарат құпия. Өйткені ол Кеңес Армиясы қатарында шекарашы қызметін атқарған, – деп атап өтті Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің өкілі Әбубәкір Смайылов. – Оның 1920 жылы Жамбыл облысында туғаны, 1943 жылдың жазында Курск доғасындағы қанды шайқаста қаза тапқаны белгілі.


Қоғамдық бірлестік өкілдері анықтағандай, Кәдірбек Дәулетқұлов үйленбеген. Қаза тапқан жауынгердің Жамбыл облысында тұрған ағасының ұрпақтары табылды. Туған жері – Тұрар Рысқұлов ауданында жер қойнына тапсыру үшін сарбаздың сүйегі туыстарына тапсырылды. Сондай-ақ оның медальоны, каскасы, сапер күрегі және сарбаз кружкасы да ағайындарына берілді.


Жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі Жеңіс қалалық саябағында орналасқан «Даңқ» жауынгерлік даңқ залында жалғасты. Оңтүстік өңірдің әскери қызметшілері мен құрметті қарауыл ротасының сарбаздары соңғы құрмет көрсетті. Кәдірбек Дәулетқұловтың туыстары іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғысын жеткізді.


 – Соғыс басталғанда Кәдірбек ағамыз небәрі 21 жаста екен. Ол, тіпті, шаңырақ көтеріп те үлгермепті, – деді жауынгердің немере қарындасы Оразкүл Дәулетқұлова. – Алайда біз ол кісі туралы үздіксіз ақпарат іздеген туыстарымыздан білетін едік. Енді, міне, 80 жылдан соң туысқанымыздың сүйегі туған Отанына оралып отыр. Біз іздестіру ұйымдарына, сондай-ақ ағамыздың сүйегін туған жеріне жеткізген әскери қызметшілерге ризамыз.


Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі 2019 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді жүйелі түрде іздеумен және жерлеумен айналысып келеді. Қоғамдық бірлестік осы уақытқа дейін Қорғаныс министрлігімен бірлесіп 19 сарбаздың сүйегін елімізге жеткізіп, қайта жерлеуді ұйымдастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Соғыс #майдан #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика