AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 78 мың теңге: аулада кәуап пісіргендер айыппұл арқ...

78 мың теңге: аулада кәуап пісіргендер айыппұл арқалай ма?

Мұны білген жөн 01.05.2025, 11:00 995 Дина Литпин
78 мың теңге: аулада кәуап пісіргендер айыппұл арқалай ма?
Сурет: depositphotos.com

Төтенше жағдайлар министрлігі есік алдында от жаққандарға қатысты бірнеше ескертулер жариялады. Бұл шектеулердің мамырда көкке шығып, кәуап пісірушілерге қатысы бар ма? Аqshamnews.kz тілшісі ресми жауап алды. 

ТЖМ не дейді?

Ведомство берген жауапқа сенсек, саяжай және бау-бақша учаскелерінде от жағуға, қоқыстарды жағуға және өрт тудыруы мүмкін қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу жаңа енгізілген норма емес. Өрт қауіпсіздігі ережелері 2006 жылдан бастап күшіне енген (08.02.2006 ж. 140-тармақ) және сәйкесінше осы талаптарды бұзғаны үшін белгіленетін әкімшілік жауапкершілік те бұрын бекітілген. 

«Қазіргі уақытта бұл норма қолданыстағы Өрт қауіпсіздігі қағидаларының "Құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болған жағдайда қалаларда, ауылдық елді мекендерде және кәсіпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, көмір, қоқыс, қалдықтар, құрғақ шөпті жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, сондай ақ стационарлық емес сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін пештерді, ас-үй ошақтарын және қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді" 174-тармағында жазылған» делінген жауапта. 

Кәуап пен от жағуға қатысты қандай тыйым бар?

•    Қолайлы ауа-райы жағдайында ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта, осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда және тұрақты бақылауда от жағуға және қалдықтарды жағуға рұқсат етіледі.
•     Ал мангалды (барбекюді, грильді) ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 10 м қашықтықта пайдалануға жол беріледі, сондай-ақ орнын бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау қажет.
•    Мангалды (барбекюді, грильді) құрғақ өсімдіктері бар орындарда, ағаштардың түбінде, жанғыш материалдардан жасалған жабындардың астында орнатуға тыйым салынады.

Қанша айыппұл көзделген?

Бапқа сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін:
•    5 АЕК-тен (19 660 теңге) – жеке тұлғаларға;
•    15 АЕК-тен (58 980 теңге) – лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға;
•    25 АЕК-тен (98 300 теңге) – орта бизнес үшін;
•    50 АЕК-тен (196 600 теңге) – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәуап #Айыппұл #аула #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);