AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 73 теңгеден 11 мың теңгеге өскен азық-түлік қоржын...

73 теңгеден 11 мың теңгеге өскен азық-түлік қоржыны

Әлеумет 29.12.2021, 03:23 1,317
73 теңгеден 11 мың теңгеге өскен азық-түлік қоржыны
Сурет: Inbusiness.kz

1993 жылы азық-түлік қоржыны 73 теңге 28 тиын болған. Дәл осы өнімдер бүгін 11 508 теңге тұрады.


Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде азық-түлік бағасы, халықтың табысы мен өмір сүру деңгейі өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, сәбіз бен күнбағыс майы 1993 жылдан 2000 жылға дейін 9,3 және 9,9 есе өскен.


Қазақстанда азық-түлік бағасына 1993 жылдан бастап, яғни елде ұлттық валюта теңге енді айналымға енген кезден бастап мониторинг жүргізіліп келеді.


Тengrinews.kz сайтының ақпаратына сәйкес, 1993 жылы азық-түлік қоржыны 73 теңге 28 тиын болған. Дәл осы өнімдер бүгін 11 508 теңге тұрады.


Алғашқы жылдары азық-түлік бағасы тез және бірнеше есе өсті. Өнім неғұрлым арзан болса, соғұрлым қымбаттай түсті. Мысалы, жеті жыл ішінде айран мен тұз 126 және 163 есе қымбаттады. Қымбатшылық сәбіз бен күнбағыс майына аз әсер еткен, бірақ олар 1993 жылдан 2000 жылға дейін 9,3 және 9,9 есе өскен.


Жалпы, тәуелсіздіктің алғашқы он жылында азық-түлік себеті шамамен 91 есе қымбаттаған.


2000 жылы азық-түлік себеті 1 782 теңге болды. Осы уақыттан бастап өнімдердің қымбаттау жылдамдығы бәсеңдеді. Келесі 10 жыл ішінде өнімдер орташа есеппен 2-3 есе қымбаттады. Ең бастысы, сүзбе 4 есе қымбаттады. Сондай-ақ, күріш (3,2 есе), сиыр еті, сүт және сәбіз (3,1 есе) едәуір қымбаттаған өнімдер қатарында. Жұмыртқа мен тұз бағасының өсуі баяу - 1,8 есе.


2010 жылдың аяғынан 2021 жылдың қарашасына дейін ең маңызды тамақ өнімдері орташа есеппен екі есе қымбаттаған. Сары май қымбаттады - 3,3 есе, сиыр еті - үш есе. Қант пен тұз бағасы баяу өскен - өнімдер 10 жыл ішінде тек 50 пайызға қымбаттаған.


Айта кетейік, азық-түлік бағасы халықтың табысына сәйкес өсті. Мысалы, 1993 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бар болғаны 529 теңге. 2000 жылы орташа жалақы 6 352 теңгеге дейін өсті, ал 2010 жылы қазақстандықтар орташа есеппен 39 мың теңгеден аса табыс тапқан.


2020 жылғы қорытынды бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 116 126 теңге болған.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық #баға #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);