AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / 70 жастағы әжей егіз баланы дүниеге әкелді

70 жастағы әжей егіз баланы дүниеге әкелді

Әлем 01.12.2023, 10:50 1,357
70 жастағы әжей егіз баланы дүниеге әкелді
Сурет: Astanatv.kz

Сафина Намуквая ЭКО әдісімен жүкті болып, өмірге егіз баланы аман-есен әкелген.


Угандалық қыз бен ұлдың анасы атанған әйелге кесарь тілігі жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


BBC News жазуынша, Сафинаның өзі балалардың дүниеге келуін керемет деп атады. Зейнеткер ана өзін жақсы сезінеді. Кампала қалалық ауруханасы 70 жастағы ананың егіздерді өмірге әкелуін тек медициналық жетістік қана деп санамайды.


«Бұл адам рухының күші мен төзімділігі туралы әңгіме», - деп атап өтті дәрігерлер.

Намуквая Африканың ең қарт анасы атанды. Ол балаларды жалғыз өзі тәрбиелемек. Өйткені Сафина егіз күтеді деген жаңалықты естіген бойда, баларадың әкесі ажырасып кеткен.


«Ер адамдар бірнеше баланың өмірге келетінін ұнатпайды. Мені осында қабылдағаннан бері ол ешқашан келген емес», - деді әйел.

Бұл Намукваяның соңғы үш жылда екінші рет босануы. 2020 жылы ол қыз туды. Сафина тұңғышы дүниеге келгенге дейін адамдар оның балаларының жоқтығынан мазақ еткенін айтты.


«Мен басқа адамдардың балаларын бақтым, олар ержетіп, мені жалғыз қалдырды. Мен қартайған кезде маған қамқорлық жасайтын ешкім болмайды деп ойладым», - деп түсіндірді ол ұрпақ әкелгісі келетіндігін.

Ақпаратқа сәйкес, Намуквая балаларын дүниеге әкелу үшін донорлық ұрықты немесе бұрын мұздатылған ұрықты пайдаланғаны белгісіз. Сондай-ақ, Сафина менопаузадан өткен, өтпегені де белгісіз. Ол әдетте 45 пен 55 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.


Бір қызығы, Намуквая әлемдегі ең қарт ана емес. 2019 жылы Үндістанда егіз қыздарды Мангаямма Ярамати есімді 73 жастағы әйел дүниеге әкелді. Олда балаларға ЭКО арқылы жүкті болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарт әйел #бала #егіз бала #Уганда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);