Шығыс Қазақстан облысының орталығында Қарбышев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатында орналасқан пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен қауіпті аймақтан 7 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялаған.
Қою түтінге толған пәтерден 1954 жылы туған үй иесі де құтқарылып, дәрігерлердің қарауынан кейін медициналық мекемеге жеткізілді.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт 5 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Ведомство тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырып, қауіптің алдын алуға кеңес берді.