конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 65 млн теңгеден астам қаражат жымқырған

65 млн теңгеден астам қаражат жымқырған

Заң мен тəртіп 02.08.2023, 11:17 944
65 млн теңгеден астам қаражат жымқырған
Сурет: ашық дереккөз


«65 млн теңгеден астам қаражат жымқырған»: Шымкентте киберқылмыстық топ 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.




Тергеу амалдары интернет алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғынының арызынан басталды. Банктің жалған қызметкерлеріне сенген азамат 4 млн теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.


«Банкирлер» белгісіз нөмірден қоңырау шалып, оның қаржысына қол сұғу ықтималдығы туралы хабарлап, ақшасын сақтап қалу үшін телефон арқылы бірнеше онлайн операцияларды орындауын сұрады.


Осылайша, қала тұрғыны екі несие рәсімдеп, оларды “қауіпсіз” шоттарға аударған. Тергеушілер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Іздестіру шараларына қалалық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес жөніндегі арнайы тобы жұмылдырылды. Атқарылған бірқатар жедел жұмыстар күдіктілердің ізіне түсуге мүмкіндік берді.


Қылмысты бүкіл ел бойынша әрекет еткен алаяқ топ жасағаны белгілі болды. Шымкенттік 6 тұрғын жарты жылда 27 қазақстандықтың 65 млн теңгеден астам қаражатын қолды еткен. Зардап шеккендердің арасында Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау,Орал, Қарағанды ​​және басқа да аймақтардың тұрғындары бар.


Полицейлер қылмыстық топтың 4 мүшесін мегаполис пен Түркістан облысының аумағында ұстаса, қалған 2-уі халықаралық іздеу нәтижесінде Ресейден табылды. Тергеу барысында олардың әрқайсысының өз міндеті болғаны анықталды.


Біреуі көшбасшы рөлін атқарды және тапсырмалар беріп отырған, басқалары “дропперлерді” тапса, ал қалғаны түскен қаражатты банкоматтардан шешіп алумен айналысқан. Полиция қылмыстық істің томдарын барлық дәлелдермен сотқа жіберді. Сот үкімімен алаяқтар үш жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #киберқылмыстық топ #алаяқ.
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту - энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Бүгін 17:26

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:21

Экраннан экранға: «Baiqonyr-2026» фестивалі не ұсынады?

Бүгін 17:19

Telegram мен Pinduoduo бұғаттала ма?

Бүгін 17:15

Халықаралық тревел-блогер Ahmed Haggagovic Алматыны жаңа қырынан таныды

Бүгін 16:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);